» » Қырғызстанда жаңа үлгідегі паспорттар беріліп жатыр

Қырғызстанда жаңа үлгідегі паспорттар беріліп жатыр

Елде 3 қарашадан бастап 2025 жылғы үлгідегі жаңартылған дизайны мен күшейтілген қорғаныс элементтері бар жалпыазаматтық паспорттар мен ID-карталар айналымға енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz. 
Жаңа үлгідегі паспорттарда 1 және 2 деңгейлі 30-дан астам қорғаныс элементі, сондай-ақ 3-деңгейлі элементтердің көп мөлшері бар. Оларда инновациялық голограммалар мен кинеграммалар, ультракүлгін баспа, криптографиялық чип, жеке деректердің лазерлік гравировкасы, мәліметтер бетінде екі мөлдір терезе, соның ішінде қырғыз ою-өрнегі түріндегі терезе, бірегей визуалды өзгермелі бейнелер қамтылған.
Әрбір визалық бетте елдің барлық өңіріндегі нысандар мен орындар, сондай-ақ тарихи-мәдени нышандар — Манас бейнесі, «Ынтымак Ордо» резиденциясы, Хан-Тәңірі шыңы, Айгүл гүлі және басқа да суреттер бейнеленген. Бұлардың барлығы да құжаттардың қорғаныс элементтері ретінде қызмет етеді.
Жаңа үлгіге көшу келесі мүмкіндіктерді береді:
— мемлекеттік шекарадан өтетін азаматтарды есепке алуды жақсарту;
— трансшекаралық қылмыс пен заңсыз көші-қонға қарсы күрестің тиімділігін арттыру;
— құжаттардың қолдан жасалуына және заңсыз пайдаланылуына қарсы қорғауды күшейту;
— өткізу бекеттеріндегі көші-қон бақылауының сапасын арттыру.
03 қараша 2025 ж. 234 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 075
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031