» » Конор Макгрегор 18 айға спорттан шеттетілді

Конор Макгрегор 18 айға спорттан шеттетілді

Фото: Ашық дереккөз
АҚШ-тың Допингке қарсы агенттігі (USADA) UFC-дің бұрынғы екі дүркін чемпионы Конор Макгрегорға қатысты шешімін жариялады. UFC жұлдызы үш рет биологиялық үлгілерді тапсырмағандықтан, оған 18 айлық дисквалификация тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ережеге сәйкес, UFC спортшылары кез келген уақытта орналасқан жері туралы толық әрі нақты мәлімет беруге міндетті. Бұл талап алдын ала ескертусіз сынама алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Макгрегор 2024 жылы үш рет, яғни 13 маусымда, 19 және 20 қыркүйекте биологиялық үлгілерін тапсырмаған.
Айта кетерлігі, Макгрегор тергеу кезінде толық ынтымақтастық орнатып, кінәсін мойындаған. Оның ашықтығы мен жағдайын ескере отырып, ұйым стандартты 24 айлық жазаны алты айға қысқартқан.
Осылайша, Макгрегордың дисквалификация мерзімі 2024 жылдың 20 қыркүйегінен басталып, 2026 жылдың 20 наурызында аяқталады.
09 қазан 2025 ж. 250 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930