» » Макгрегор комаға түскен Хабибтің әкесін қолдады

Макгрегор комаға түскен Хабибтің әкесін қолдады


Ирландиялық спортшы Конор Макгрегор комаға түскен UFC чемпионы Хабиб Нұрмагомедовтың әкесі мен жаттықтырушысы Абдулманап Нұрмагомедовты қолдады. Ол өзінің Twitter-дегі парақшасында қолдау сөздерін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.



"Мен Абдулманап Нұрмагомедовтің жазылып кетуін тілеймін. Ол күрестің барлық түрі бойынша біз ойлағаннан да көп әлем чемпиондарын дайындады. Ол нағыз данышпан. Бұл жаңалыққа қатты қамығулымын. Нұрмагомедовтар отбасы үшін дұға етемін", - деп жазды Макгрегор Twitter-де.
Нұрмагомедовты UFC-дің қазіргі президенті Дана Уайт та қолдады.
"Ол күрес өнерінің нағыз шебері, ол мақтанышпен, адалдықпен және басқаларға деген құрметпен өмір сүріп келеді. Ұлы Хабибті де ерте жастан бастап осылай тәрбиелеп, оны мансап жолында қолдап келді", - деп жазды Уайт.
UFC чемпионының әкесі және жаттықтырушысы - 57 жастағы Абдулманап Нұрмагомедов - Мәскеудің әскери клиникалық ауруханаларының бірінде ауыр хәлде жатыр.
"Абдулманаптың жағдайы өте нашар, ол комада, Мәскеуде. Дағыстанда оған дұрыс ем шаралары жүргізілмегендіктен, асқынулар пайда болды. Оны ұшақпен алып кетті, қазір ол Мәскеуде әскери госпитальда. Ол жақта жалғыз өзі, туыстарына ол жерге кіруге рұқсат жоқ" - деді Дағыстандағы жағдайды білетін ақпарат көзі.
Бұған дейін Нұрмагомедов 25 сәуірде Дағыстанда пневмонияға күдікпен ауруханаға түскені туралы хабарланған болатын. 3 мамырда денсаулығының нашарлауына байланысты оны Мәскеуге алып кетті.
Сәрсенбіде бірқатар дагестандық ММА спортшылары жаттықтырушысының суреттерін салып, ол үшін дұға етуге шақырды.
14 мамыр 2020 ж. 1 329 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 064
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 728

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031