» » "Магнитудасы 6,1": Түркияда тағы да жер сілкінді

"Магнитудасы 6,1": Түркияда тағы да жер сілкінді

10 тамыз күні кешке Түркияның солтүстік-батысындағы Балыкесир елді мекенінде магнитудасы 6,1 жер сілкінісі болды. Төтенше жағдайлар мен табиғи апаттардың зардаптарын жою басқармасының мәліметінше, жерасты дүмпуі сағат 19:53 шамасында тіркелген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TRT Global басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жер сілкінісінің эпицентрі 11 шақырым тереңдікте, Сындыргы ауданында болды. Жерасты дүмпуі Измир, Кютахья, Ялова, Ыстамбұл, Маниса, Ушак, Айдын, Эскишехир, Сакарья және Текирдаг қалаларында да сезілді. Салдарынан Сындыргыда бір ғимарат қирады.
Ішкі істер министрі Али Ерликаяның айтуынша, екі адам құтқарылып, тағы екеуі үйінді астынан шығарылып жатыр.

“Негізгі дүмпуден кейін өңірде магнитудасы 4,6; 4,1 және 4,0 болатын үш афтершок тіркелді. Олардың ошақтары 6,78–16,07 шақырым тереңдікте орналасқан. Жер сілкінісі Ыстамбұлда да сезіліп, көптеген тұрғын үйлерін тастап, саябақтар мен ашық алаңдарға жиналған”, – деп жазды басылым.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған әлеуметтік желілерде зардап шеккендерге қолдау білдіріп, жер сілкінісінен кейін алғашқы минуттардан бастап барлық тиісті қызметтер жұмысқа кіріскенін хабарлады.
11 тамыз 2025 ж. 179 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930