» » Ресей мен Қытай бірлескен әскери теңіз жаттығуын бастады

Ресей мен Қытай бірлескен әскери теңіз жаттығуын бастады

Ресей мен Қытай АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемесінен кейін бірлескен әскери теңіз жаттығуларын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ресей мен Қытай әскери-теңіз күштері Жапон (Шығыс Корея) теңізінде бірлескен жаттығу өткізіп жатыр.Әскери оқу-жаттығу бұрын жоспарланғанымен, АҚШ президенті Дональд Трамптың екі атом сүңгуір қайығын Ресейге жақын аймаққа жіберу туралы мәлімдемесінен кейін ерекше назарға ілікті
The Telegraph басылымының жазуынша, 3 тамызда басталған жаттығулар үш күнге созылады. Қытай тарапынан төрт әскери кеме, соның ішінде басқарылатын зымырандары бар екі эсминец қатысып жатыр. Сценарий бойынша, шартты қарсыластың сүңгуір қайықтарын жою іс-қимылдары пысықталады.
Ресей мен Қытай өздерінің әскери ынтымақтастығы қандай да бір үшінші елге бағытталмағанын бірнеше мәрте мәлімдеген. Бірақ Жапония бұл жаттығуларға наразылық білдірді. Ресми Токио Пекин мен Мәскеу арасындағы стратегиялық байланыстардың нығаюы Жапонияның ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп есептейді.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресейдің қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев әлеуметтік желіде бір-бірін айыптайтын жазбалар жариялаған. Медведев АҚШ Ресейге қарсы санкцияларды күшейте беретін болса, оның арты соғысқа алып келуі мүмін екенін айтып ескерткен. Трамп бұл мәлімдемені «арандатушылық» деп бағалап, екі атом сүңгуір қайығын Ресейге жақын аймаққа жіберу туралы бұйрық бергенін хабарлаған. АҚШ заңы бойынша атом сүңгір қайықтарының бағыты мен мекені жариялауға жатпайтын, құпия ақпарат болып саналады.
Бұған қоса, Дональд Трамп Ресей мен Украинаны 8 тамызға дейін бейбіт келісімге келуге үндеп, ескерту жасаған. Ол келісімге келмеген жағдайда санкция күшейетінін айтқан.
05 тамыз 2025 ж. 107 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 645
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 411

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031