» » Грузия туризмнен рекордтық табыс тапты

Грузия туризмнен рекордтық табыс тапты

Galt & Taggart инвестициялық компаниясының дерегінше, 2025 жылдың алғашқы алты айында Грузияның халықаралық туризмнен түскен табысы 2 миллиард АҚШ долларына жетіп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2 пайызға артты. Бұл ел тарихындағы ең жоғары көрсеткіш ретінде тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Business Media-ға сілтеме жасап.
Туризмнен түскен табыстың басым бөлігі екінші тоқсанға тиесілі – 1,2 миллиард доллар. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,1 пайызға артық. Сарапшылардың болжамынша, жыл соңына дейін елдің туризм кірісі 4,5 миллиард долларға жетуі мүмкін.
Ресми статистикаға сәйкес, екінші тоқсанда Грузияға 1,6 миллион шетелдік келуші барған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға көп. Олардың 80,1 пайызы елде түнеген, ал бір күндік сапармен келгендер саны 5,4 пайызға азайған.
Туристік ағынның артуына Ресей (+16,0%), Еуропалық Одақ елдері (+20,5%), Армения (+7,2%) және Үндістан (+33,5%) саяхатшылары елеулі үлес қосқан. Сонымен қатар, Әзербайжаннан келетін туристер саны да 46,7 пайызға өсіп отыр, құрлық шекарасы жабық болғанына қарамастан.
Ал Түркия мен Ираннан келетін туристер саны сәйкесінше 16,5% және 8,2% төмендеген.
Айта кетейік, 2025 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстан турист жіберуші алғашқы он елдің қатарына енген.
23 шілде 2025 ж. 166 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 617
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 405

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031