» » Әлемдегі ең қарт марафоншы 114 жасында қайтыс болды

Әлемдегі ең қарт марафоншы 114 жасында қайтыс болды

Үндістанда әлемдегі ең қарт марафоншы Фауджа Сингх 114 жасында қайтыс болды. Қайғылы оқиға 13 шілдеде Пенджаб штатындағы Биас ауылында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BILD Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Биограф Хушвант Сингхтің айтуынша, оны жолдан өтіп бара жатқанда белгісіз көлік қағып кеткен.
“Жатқан жерің жайлы болсын, қымбатты Фауджа", – деп жазды Хушвант Сингх.
Сингх ұзақ уақыттан бері жаттығып келе жатқан Лондондағы Sikhs In The City жүгіру клубы қайғылы жаңалықты растады.
Фауджа Сингх жүгіруді әйелі қайтыс болған соң 89 жасында бастаған. Оның ең әйгілі марафоны 2011 жылы Торонтода болды. Ол жерде қария 42 шақырымды 8,5 сағатта жүріп өтіп, 100 жасында марафонды аяқтаған алғашқы адам ретінде танылды. Сингхтің туу туралы ресми куәлігі болмаған соң рекорд Гиннестің рекордтар кітабына енбеген. 
Айта кетейік, бұған дейін Жапонияда әлемдегі ең қарт адам116 жасында қайтыс болғанын хабарлаған едік. 
17 шілде 2025 ж. 140 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 808
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 529

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930