» » Әлемдегі ең кішкентай адам қайтыс болды

Әлемдегі ең кішкентай адам қайтыс болды

Әлемдегі ең кішкентай адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген непалдық Хагендра Тапа Магар 28 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Достарының айтуынша, ол соңғы кездері жүрегі ауырып, астма мен пневмониядан әлсіреп жүргенін айтқан екен. Непалдық ауруханалардың біріне жеткізілгенімен, 16 қаңтар күні көз жұмды, деп жазады Гиннестің рекордтар кітабының сайты.
Айта кетсек, Хагендра Тапа Магар 1992 жылы 14 қазанда туған. «Дүниеге келгенде оның кішкентай болғаны соншалық, алақанға оңай сыйып кететін еді. Бойы мен салмағынан оны шомылдырудың өзі қиынға түсетін», – деп еске алады әкесі.
Магар 18-ге толғанда бойы 67,08 сантиметр болған. Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері оны алғаш 2010 жылы италиялық GWR Lo Show dei Record шоуында көрген екен. Басылым онымен соңғы рет 2018 жылдың желтоқсанында кездескен.
Магар қайтыс болғаннан кейін «Әлемдегі ең кішкентай адам» атағы Колумбияда тұратын Эдвард Эрнандеске өтті. Оның бойы – 70,21 сантиметр.
20 қаңтар 2020 ж. 1 614 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 380
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 168

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930