» » Әлемдегі ең ірі алтын қорына ие елдер аталды

Әлемдегі ең ірі алтын қорына ие елдер аталды

Frank Media агенттігі әлем елдерінің алтын қоры бойынша 2025 жылғы жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көш басында – АҚШ. Маусым айының басында елдің алтын қоры 8,1 мың тоннаға жетіп, бұл көрсеткіш бойынша бірінші орынды сақтап қалған. Оның 4,6 мың тоннасы Кентуккидегі әйгілі Форт-Нокс қоймасында сақталған.
Екінші орында – Германия. Елдің қоры 3,35 мың тонна деп бағаланған. Алайда соңғы жылдары Берлин алтынды белсенді түрде сата бастағандықтан, бұл көлем 100 тоннаға қысқарған.
Үшінші орын – Италия (2,45 мың тонна), ал төртінші орын – Францияға тиесілі (2,43 мың тонна). Францияның алтын қоры 2009 жылдан бері өзгермеген.
Бесінші орында – Қытай, онда да 2,43 мың тонна алтын бар. Ресей алтын көлемі бойынша алтыншы орында. Елдің нақты көрсеткіші ресми түрде жарияланбаса да, Bloomberg агенттігі Ресейдің қорында 2,33 мың тонна алтын барын хабарлаған.
Ал үздік ондықты мына елдер түйіндейді:
  • Швейцария – 1,04 мың тонна;
  • Үндістан – 880 тонна;
  • Жапония – 845,97 тонна;
  • Түркия – 623,92 тонна.

15 шілде 2025 ж. 279 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 120

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930