» » Ресейліктер Ауғанстанға "Талибан турмен" сапарламақ

Ресейліктер Ауғанстанға "Талибан турмен" сапарламақ

Ресейлік туроператорлар Ауғанстанға ұйымдасқан сапарларды бастағалы жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі News.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алғашқы топ — Мәскеу, Татарстан және Башқұртстаннан жиналған 10 ер адам — тамыз айында Кандагар қаласына аттанбақ.
Бұл бастама Ресейдің Ауғанстандағы Ислам Әмірлігін ресми түрде мойындауынан кейін қолға алынған. Бұған дейін Ресей Жоғарғы соты "Талибан" қозғалысын террористік ұйымдар тізімінен алып тастаған соң, кәсіпкер Анатолий Аронов "Талибан Тур" атты сауда белгісін тіркеуге өтініш берген.
Ароновтың айтуынша, алғашқы туристік сапардың бағасы шамамен 1,5 мың доллар болады. Алдағы уақытта ол Кандагарға 3-5 адамнан құралған топтарды жіберуді жоспарлап отыр. Турдың ұзақтығы — екі апта, ал қатысушыларға ауған мәдениетіне толық бойлау уәде етіледі.
Сонымен қатар тағы екі туристік компания өздерінің Ауғанстанға сапар бағдарламаларын әзірлеп жатқанын растады. Олардың айтуынша, мұндай турлардың құны 3 мыңнан 5 мың АҚШ долларынан асады. Мұндай жоғары баға қауіпсіздік шараларының күшейтілуімен байланысты. Кейбір агенттіктер турларды сату осы күзде басталады деп жоспарлап отыр.
07 шілде 2025 ж. 281 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930