» » Жерде магниттік дауыл басталды

Жерде магниттік дауыл басталды

Жер бетінде 13 маусымға қараған түні магниттік дауыл басталды. Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтына қарасты Күн астрономиясы зертханасы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғалымдардың айтуынша, геомагниттік белсенділік түнгі сағат 00:00-де басталып, таңға дейін жалғасқан. Дауылдың қуаты G2.3 деңгейіне жетіп, орташа деңгейден жоғары болып тіркелген.  Бұл энергетикалық жүйелер мен радиобайланысқа кері әсерін тигізуі мүмкін.
Магниттік құбылыстың нақты себебі әзірге анықталмаған. Дегенмен зерттеушілер Күн плазмасының тығыздығы артқанын және магнит өрісінің айтарлықтай күшейгенін байқаған. Алайда күн желінің жылдамдығы әлі де тұрақты күйде қалып отыр. Бұл геомагниттік оқиға алдын ала болжанбаған және тосыннан басталған.
Мамандардың болжамынша, 14 маусымға қараған түні Күннің оңтүстік жартышарында орналасқан корональдық тесіктен шыққан жоғары жылдамдықты күн желінің Жерге жетуі ықтимал. Бұл Жердегі магнит өрісінің тұрақсыздануын одан әрі күшейтуі мүмкін.
Ғалымдар алдағы 2–3 күнде Жер тұрақсыз геомагниттік кезеңге өтеді деп ескертеді. Осыған байланысты радиобайланыс, навигациялық жүйелер және метеосезімтал адамдар үшін белгілі бір қиындықтар туындауы мүмкін.
14 маусым 2025 ж. 294 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 777
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 135

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 491

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930