» » Алдағы екі күнде жерді ең жоғары деңгейдегі магнит дауылы басады

Алдағы екі күнде жерді ең жоғары деңгейдегі магнит дауылы басады

Күн астрономиясы зертханасы жерді ең жоғары, бесінші G5 деңгейіндегі магнит дауылы басып қалуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Хras басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ғалымдардың айтуынша, оның әсері алдағы екі күнге созылуы мүмкін. Бір күн бұрын Күнде X1,8 деңгейіндегі алау пайда болды. Ол 10 қазанда Жерге жетеді дейді. 
"Жақында рекордты жаңартқан X9.1 алауынан кейін геомагниттік болжамның беделі аздап төмендегенімен, бұл жолы одан құтылу мүмкін емес. Плазма бұлты өте үлкен. Ал ені барлық мүмкін болатын өлшеу қателерінен асып түседі", – деп жазды астрономдар.
Магнит дауылының қарқыны әлсізден өте күштіге дейін өзгеруі мүмкін. Өйткені плазмалық бұлт тығыздығы мен жылдамдығы бойынша біркелкі емес құрылымға ие. Алдағы екі күнде, ең жоғары, бесінші деңгейдегі магнит дауылы болуы мүмкін.
Ең ықтимал сценарий үш күнге созылуы мүмкін G4 дауылдарын қамтиды. Қазақстан уақыты бойынша сағат 13:00-де плазмалық бұлт планетаны жабады деген болжам бар.
Айта кетейік, бұған дейін Жерге қуатты магнит дауылы жақындап келе жатқаны айтылған еді. Ресей Ғылым академиясының Күн астрономиясы зертханасы қазақстандықтар оның салдарын 11 және 12 қазан күндері сезінуі мүмкін екенін мәлімдеген.
10 қазан 2024 ж. 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 069
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 730

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031