» » АҚШ-тың Смитсон орталығы қазақ қолөнерін қолдайды

АҚШ-тың Смитсон орталығы қазақ қолөнерін қолдайды

Бұдан былай АҚШ-тың байырғы Смитсон орталығының қолдауымен Қазақстанның мәдени мұра қорының жұмысына қоса, қолөнершілікті қолдау бастамасы іске қосылмақ. Осы бастамаға орай, Смитсон институтының Халықтық және мәдени мұра орталығының (Вашингтон, АҚШ) мамандары биыл мамыр айында жергілікті қолөнершілермен танысу, тәжірибе алмасу және үш жылдық ынтымақтастық орнату жоспарын құру мақсатында Қазақстанға келіп, оңтүстік өңірлерге сапарлаған еді, деп жазады Egemen.kz.
Өз кезегінде жергілікті дәстүрлі қолөнершілікті зерттеуге, құжаттап, танымалдылығын арттыруға бағытталған жобаға «Шеврон» компаниясы мен Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшілігі ұйытқы болып отыр.
Өйткені, Қазақстан қолөнершілері одағы – 2012 жылы «Our Heritage» қорының, Шеврон, ЮНЕСКО, Еуразия одағы және ҚР Мәдениет министрлігі қолдауымен құрылған болатын. Жылдарға созылған әріптестіктің ақасында аталған Одақ қолөнер түрлерінен жүздеген тренинг өткізіп, шеберліктерін шыңдап, дамытып отыр. Одақ құрылғалы бері 12 жыл қатарынан «Шебер» республикалық байқауын өткізіп, еліміздің әр шалғайындағы шеберлер мен ісмерлерді тауып, өз кәсіптерін жалғастыруға жол ашып келеді. Қазіргі таңда Одақтың 8 өңірде 150 өкілі бар болса, ел ішіндегі жалпы шеберлерінің саны 650-дей болады.
«Қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай айтқандай: «Өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі – қазақтың әулиесі сол», – дейді Қолөнершілер одағының президенті Айжан Бекқұлова. – Сондықтан да бойында мәдени коды бар бірегей дарынды адамдарды қолдау өте маңызды. Біздің Смитсон институтының Халықтық және мәдени мұра орталығымен және «Шеврон» компаниясымен ынтымақтастығымыз жобаларымызды ең жоғары деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жастар үздіктерге қарап бой түзесін!»
«Мәдениет саласының жұмыстары уақытты талап ететіндіктен, «Шеврон» компаниясының осы бағыттағы ұзақ мерзімді инвестициясы командамызға ауқымды жұмыстар атқаруына септігін тигізіп, берік ынтымақтастық орнатып, бүкіл Смитсон институты бойынша мамандардың Қазақстандағы әріптестерімен тәжірибе алмасуға қатыстыруға мүмкіндік беріп отыр», – дейді Смитсон орталығының арнайы жобалар жөніндегі директоры Холли Батвин.
Жобаның жергілікті серіктесі Қазақстанның қолөнершілер орталығы болса, бұл орталық Қазақстан жастарын қолөнер жұмысына көптеп тартуға, қолөнер кәсіпорындарының білімін, машығы мен табысын арттыруға, сондай-ақ Қазақстан қолөнершілері мен басқа елдер арасындағы байланысты нығайтуға белсене араласады.
Таяу күндері осы екі ұйымның өкілдері Алматы, Шымкент, Тараз және Түркістан қалаларындағы қолөнер шеберханаларына барып, әлеуетті серіктестермен кездесті, шаралар ұйымдастырып, жастарды қолөнер қоғамдастығына қатыстыру туралы панельдік талқылаулар жүргізген.
Алдағы уақытта Смитсон орталығы сарапшылары зерттеу сапарында таңдап алған қазақстандық қолөнершілер Санта-Федегі (Нью-Мексико штаты) Халықаралық халық өнері жәрмеңкесіна қоса, Алматының туыстас қаласы – Тусон (Аризона штаты) қаласына оқыту сапарына қатысады. Сапар аясында қолөнер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі шеберлік сабақтары өтеді. Қыркүйек айында Тусон қаласының қолөнершілері Алматыға Қолөнер фестиваліне барады.
26 мамыр 2025 ж. 58 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

№38 (10406)

24 мамыр 2025 ж.

№37 (10405)

20 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 826
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031