» » Бразилияда автобустар Димаштың суретімен безендірілді

Бразилияда автобустар Димаштың суретімен безендірілді

Еліміздің мақтанышы, әнші Димаш Құдайбергеннің туған күніне орай бразилиялық фан-клуб «Dimash on the Road» акциясын жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz
Жоба аясында екінші жыл қатарынан қалалық автобустардың бірі толығымен қазақстандық әншінің суреттерімен безендіріліп, елдегі Сеара штатының орталығы, Бразилиядағы ең үлкен бес қаланың бірі Форталеза қаласының көшелерімен жүріп өтеді.
Форталеза — 300 жылдық тарихы бар және шамамен 2,7 миллион халқы бар қала. Ол өзінің көркем жағажайларымен, жылы климатымен, белсенді мәдени өмірімен және қонақжай атмосферасымен танымал. Қазір бұл қаланың көшелерінде Димаштың суреті бейнеленген автобустар жүйткуде.
Автобуста, сондай-ақ, «Әлемдегі ең ерекше дауыс!» деген жазу жазылған әрі Димаштың 2024 жылы концерттері өткен Барселона, Берлин және Лондон сияқты қалалар көрсетілген. Сондай-ақ, автобустың артқы жағында Димаштың 2021 жылғы Digital Show-да «Sos d’un terrien en détress» әні бар QR коды берілген.
18 мамыр 2025 ж. 339 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

№89 (10457)

22 қараша 2025 ж.

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 930
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 625

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930