» » Қазақстандық әншінің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты

Қазақстандық әншінің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты

Әлемге танымал қазақстандық әншінің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана хабарлаймыз. Бұл ресми түрде тіркелген хабар тарату станциясы, ол жерде қойылатын әндердің авторы мен орындаушыларына қаламақы төленеді. RadioDimash.pl-дің мақсаты - Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын насихаттау», - делінген Facebook-тегі «Dimash Kudaibergen Fan Club Poland» деп аталатын Димаштың фан-клуб парақшасында. RadioDimash.pl -дің хабар тарату студиясы бар. Ол жерде қандай бағдарлама болатыны жоспарланып, кесте құрылады.

Сондай-ақ онлайн хабар тарататын және бағдарлама шығаратын студиясы бар. Радио тақырыптық музыкалар, репортаж, сұхбат, туризм бағытындағы бағдарлама, балалар мен ересектерге арналған авторлық бағдарламалар ұсынады деп жоспарлануда.

«Негізінде Димаштың әндері көбірек қойылады. Бірақ Димаштың бағытына жақын польшалық және шетел әншілеріне де орын табылады. Аталған радио Димаштың әлемнің түкпір-түкпіріндегі фан-клубтарымен байланыс орнатуға, бірге жұмыс істеуге дайын. Біз Димаштың концерті Польшада да өткенін армандаймыз», - деп жазылған фан-клуб парақшасында.


23 тамыз 2020 ж. 796 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031