» » Рим Папасын жерлеу рәсіміне 200 мың адам қатысты

Рим Папасын жерлеу рәсіміне 200 мың адам қатысты

Рим Папасының жерлеу рәсіміне мемлекет басшылары, дін қызметкерлері мен монахтар ғана емес, сонымен қатар босқындар, үйсіздер және тіпті түрмедегі адамдар да қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
BBC тілшісі Сара Рейнсфорд атап өткендей, Папа Франциск Италиядағы түрмелерге жиі барған, сондықтан кейбір тұтқынның жерлеу рәсіміне қатысуы үшін арнайы шаралар қабылданған.
Жерлеу рәсіміне көптеген жас католик те барды.
— Біз кілемшелер мен ұйықтау қаптарын алып, осында 400 адам болып түнедік, — деді алаңға бірінші болып кіруге тырысқан 22 жастағы Жан-Батист Леклезио AFP-ке берген сұхбатында.
Римге Папа Францисктің жерлеу рәсіміне көптеген әлемдік көшбасшы барды, олардың қатарында Украина президенті Владимир Зеленский жұбайы Еленамен және АҚШ президенті Дональд Трамп жұбайы Меланиямен болды.
Зеленскийдің ұшағы жергілікті уақыт бойынша таңғы 07:00-де Римге қонды.
Сондай-ақ Ватиканға АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден жұбайы Джиллмен барды.
26 сәуір 2025 ж. 225 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 088
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 745

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031