» » Қытайда 10G желісі іске қосылды

Қытайда 10G желісі іске қосылды

Huawei және China Unicom компаниялары Хэбэй провинциясының Сионьань қаласында әлемдегі алғашқы 10G кең жолақты желісін іске қосты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mydrivers.comсайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Huawei және China Unicom компаниялары Сюнъань ауданында алғашқы 10G кең жолақты желісін іске қосу үшін  бірікті. 10G кең жолақты орналастыру әлемдегі алғашқы 50G PON шешіміне негізделген.
Талшықты-оптикалық қолжетімділік желісінің негізгі архитектурасын жаңарту арқылы бір пайдаланушының өткізу қабілеті дәстүрлі гигабит деңгейінен 10G деңгейіне дейін артады, ал желінің кідірісі миллисекунд деңгейіне дейін төмендейді деп түсіндіріледі.
Сондай-ақ нақты жүктеп алу жылдамдығы 9834 Мбит/с, жіберу жылдамдығы 1008 Мбит/с жетті. 
Fast Technology мәліметтері бойынша, Қытайда бір миллиардтан астам 5G ұялы байланыс пайдаланушылары бар, бүкіл ел бойынша 18 000-нан астам 5G+ желісін салу жобалары жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде 10G желісін дамыту үшін 168 пилоттық жоба қаржыландырылған.
Еске салсақ, Қазақстан Илон Масктың спутниктері арқылы шалғай аймақтарға ғаламтор жүргізбек екені айтылды.
21 сәуір 2025 ж. 613 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 120

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930