» » 140 жастағы ауғандық әлемдегі ең қарт адам атануы мүмкін

140 жастағы ауғандық әлемдегі ең қарт адам атануы мүмкін

Ауғанстанның Хост қаласында тұратын Ақел Назир есімді қария өзінің жасы 140-та екенін айтып, әлемдегі ең жасы үлкен адам атануға үміткер болып отыр. Бұл туралы жергілікті TOLO News ақпараттық агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ақсақалдың айтуынша, ол Аманулла ханның тұсында – Ауғанстан Ұлыбританиядан тәуелсіздік алған кездің өзінде-ақ 30 жастан асқан екен. Тіпті сол тарихи сәтте корольдің жанында болып, жеңісті тойлағанын да еске алады.
«Мен Аманулла ханмен бірге сарайда болдым. Ол кезде 30-дан асқан едім. Британдықтар тізе бүгіп, қашып кетті дегенді естігенде халық қатты қуанды. Бәріміз патшаға алғысымызды білдірдік. Ол кезде бірге болған көптеген басшылар қазір өмірден өтті», дейді Ақел Назир.
Қарттың туған жылы туралы нақты құжат болмағанымен, туыстары оның жасын растайтын ресми тексеріс жүргізуді сұрап отыр. Қазір оның әулетінде 100-ден астам ұрпағы бар.
Хост губернаторының баспасөз хатшысы Мустағфар Гурбаздың мәлімдеуінше, қарияның жасын анықтау үшін арнайы техникалық топ құрылады. Егер дерек расталса, Ақел Назирге медициналық көмек көрсетіліп, Гиннестің рекордтар кітабына енгізу мәселесі қаралады.
«Біз азаматтық жағдай актілерін тіркеу органы жанынан техникалық топ жіберуді жоспарлап отырмыз. Егер 140 жасты растауға болатын дәлел табылса, оны әлемдегі ең қарт адам ретінде тіркеу жұмыстарына кірісеміз», деді баспасөз хатшысы.
08 сәуір 2025 ж. 351 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 638
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 407

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031