» » 74 жастағы кәсіпқой футболшы

74 жастағы кәсіпқой футболшы

Мысырдың 74 жастағы тұрғыны Эззелдин Бахадер әлемдегі ең қарт кәсіпқой футболшы атанды. Бұл туралы халықаралық Reuters агенттігі хабарлады.
Басылымның мәліметі бойынша, ол Гиннестің рекордтар кітабына рекордшы ретінде ену үшін екі рет жасыл алаңға шыққан. 74 жастағы футболшы өзінің алғашқы кездесуін наурыз айында өткізген. Тіпті пенальти орындап, қарсыластың қақпасын дәл көздеген. Кейіннен ол пандемия салдарынан екінші ойынын өткізу үшін жарты жыл күтуге мәжбүр болды.

«6 қазан» атты клубта өнер көрсететін Бахадер жуырда «Әл-Оят» командасымен өткен ойында алаңға шықты. «Мен мұнымен тоқтап қалғым келмейді. Алдағы уақытта бәсекелестікті арттыру үшін жеке рекордымды тағы бір мәрте жаңалау ниетім бар», дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін жасы ең үлкен футболшының рекорды 73 жастағы израильдік Исаак Хайикке тиесілі еді.
21 қазан 2020 ж. 757 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 963
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 599

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930