Құрылтай
» » Париждегі көшелердің біріне Самарқанд атауы берілді

Париждегі көшелердің біріне Самарқанд атауы берілді

Сәрсенбі күні Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің Парижге ресми сапары басталды. Сапар аясында Өзбекстан басшысы Париж мэрі Анн Идальгомен кездесіп, француз астанасындағы көшелердің біріне «Самарқанд көшесі» (Rue de Samarcande) атауының берілу шарасына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сонымен қатар Шавкат Мирзиеев пен Франция президенті Эмманюэль Макрон шағын құрамда келіссөздер жүргізіп, екі ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеру мүмкіндіктерін талқылаған. Сондай-ақ инновациялық және өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға бағытталған жаңа бағдарлама әзірленген. Кездесу нәтижесінде 10-нан астам құжатқа қол қойылған.
«Парижге қош келдіңіз, құрметті Шавкат! Бұл мемлекеттік сапар арқылы біз болашақ серіктестікке берген уәдемізді орындап, Франция мен Өзбекстан арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайтып отырмыз. Өзбекстан жасасын, Франция жасасын!», деп жазды Франция президенті.
14 наурыз 2025 ж. 332 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 053

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31