Құрылтай
» » Ильхам Әлиев ұшақ апатына айыптыларды жазалауды талап етті

Ильхам Әлиев ұшақ апатына айыптыларды жазалауды талап етті


Бұл туралы Әзербайжан Президенті ұшақ апатынан қаза тапқан экипаж мүшелерінің отбасыларымен және аман қалған стюардессалармен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz АЗЕРТАДЖ-ға сілтеме жасап.
«Осы апаттан (Ақтаудағы ұшақ апаты – ред.) Әзербайжан азаматтарының қаза болуына Ресей Федерациясының өкілдері кінәлі деп сеніммен айта аламын. Ал біз әділдікті, кінәлілердің жазалануын талап етеміз», деді Ильхам Әлиев.
Ильхам Әлиев қазір қара жәшіктерді ашу процесі жүріп жатқанын атап өтті.
«Жақын арада біз алдын-ала нәтижені білетінімізге сенімдімін және бәрі өз орнына келеді, болған трагедияның бүкіл көрінісі белгілі болады. Бұл, әрине, осы трагедияны толық тергеу және ондағы кінәлілерді жазалау ісіндегі маңызды сәт болады», деді Әзербайжан Президенті.
Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсанда Ақтау маңында, Баку-Грозный рейсін орындаған AZAL жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Бортта 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 38 жолаушы қаза тауып, 29 адам аман қалды.
06 қаңтар 2025 ж. 360 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 636
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 093

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31