» » Алматы 2025 жылы баруға тұрарлық жерлер тізімінде көш бастады

Алматы 2025 жылы баруға тұрарлық жерлер тізімінде көш бастады

CNN Travel басылымы 2025 жылы баруға тұрарлық қалалар мен елдердің тізімін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
CNN Travel сарапшылары 2025 жылы баруға тұрарлық 25 бағыттың тізімін жасап шыққан. Алматы қаласы "The best places to visit" тізімінде көш бастады.
"Бұл шынымен де барлығы бар сирек қалалардың бірі – керемет тағамдар, жанды түнгі өмір, тез дамып келе жатқан мәдени және өнер сахнасы, сондай-ақ Тянь-Шань тауларының етегіндегі орналасуының арқасында әлемдегі ең керемет пейзаждарға оңай қол жетімділік", – делінген материалда.
Мақала авторының пікірінше, Алматы метросының станциялары нағыз өнер туындысы. Автор Карла Крипс метро станцияларының 20 мыңнан астам өнер туындысы орналасқан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы секілді әлемдік деңгейдегі мұражайларды толықтырып тұрғанын айтады.
Карла Крипс туристерге Алматыда "нео-көшпелі тағамдардан" дәм татуға кеңес береді. Сондай-ақ автор Алматыға Еуропадан, Азиядан және Таяу Шығыстан тікелей рейстер арқылы оңай жетуге болатынын атап өтеді.
CNN Travel қалалар мен елдер тізіміне Алматымен қатар: Үндістандағы Андаман және Никобар аралдары, Бекиа (Сент-Винсент және Гренадиндер), Хемниц (Германия), Эсватини және Мпумаланга провинциясы (Оңтүстік Африка), Гданьск (Польша), Гилгит-Балтистан ( Пәкістан), Какар таулары (Түркия), Кансай (Жапония), Мендоза (Аргентина), Нэшвилл (АҚШ), Нуук (Гренландия), Озаркс (АҚШ), Рабат (Марокко), Сан-Франциско де Кампече (Мексика), Стокгольм (Швеция), Таупо (Жаңа Зеландия), Ванкувер (Канада) кірген.
02 қаңтар 2025 ж. 378 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 416
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 219

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930