» » АҚШ Тайваньға қару-жарақ сатуға рұқсат берді: Қытай бұған наразы болып, қарсы шара қабылдайтынын мәлімдеді

АҚШ Тайваньға қару-жарақ сатуға рұқсат берді: Қытай бұған наразы болып, қарсы шара қабылдайтынын мәлімдеді

Бейжің АҚШ-тың Тайваньға қару-жарақ жеткізуіне және Тайвань президентінің Гавайиге сапарына наразылық білдіріп жатыр. Қытай тарапы енді бұл әрекетке жауап қайтаратындарын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Бейжің АҚШ-тың Тайваньға қару-жарақ сатуға рұқсат бергеніне наразы. ҚХР сыртқы істер министрі 1 желтоқсанда бұған жауап ретінде егемендікті, қауіпсіздікті және аумақтық тұтастықты қорғау үшін қарсы іс-қимыл шараларын қабылдайтынын хабарлады.
Қытай Вашингтонды өзінің бүлікші провинциясы санайтын Тайваньға қару жеткізуді тоқтатуға шақырды. 
"Жақында АҚШ мемлекеттік департаменті Тайбэйге 385 миллион долларға қару-жарақтың кезекті партиясын сатуды мақұлдады. Әңгіме F-16 жойғыштарына арналған қосалқы бөлшектерді, радиолокациялық жүйелерді, сондай-ақ ұялы байланыстың жаңғыртылған жабдықтарын жеткізу туралы болып отыр", – деп жазады басылым
Қытай сондай-ақ Гавайи штатында Тынық мұхиты аймағына жасаған сапарында Тайвань президенті Уильям Лайды АҚШ-тың жоғары дәрежеде күтіп алғанына қарсы. Бейжің бұл үшін АҚШ-ты айыптап, Вашингтонға наразылық білдірді.
02 желтоқсан 2024 ж. 250 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 636
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 406

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031