» » "Қызыл қауіп деңгейі жарияланды": 2024 жыл тарихтағы ең ыстық жыл болмақ

"Қызыл қауіп деңгейі жарияланды": 2024 жыл тарихтағы ең ыстық жыл болмақ

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым 2024 жыл тарихтағы ең ыстық жыл болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ungeneva басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Метеорологиялық ұйым мәліметінше, 2015 жылдан 2024 жылға дейінгі кезең тарихтағы ең жылы онжылдық болмақ. Ұйым климаттың күрт өзгеруіне байланысты "қызыл қауіп деңгейін" жариялады. Ол атмосфераға парниктік газдар шығарындыларының таралуынан жеделдеп жатыр. 
"Мұздықтардың еруі, теңіз деңгейінің көтерілуі және мұхиттардың жылынуы жеделдеп жатыр. Ал экстремалды ауа райы бүкіл әлем экономикасына зиянын тигізіп отыр. 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығындағы орташа жаһандық жер бетінің температурасы өнеркәсіпке дейінгі деңгейден 1,54 градус Цельсий жоғары болды. Бұл Эль-Ниньо табиғи құбылысынан туындаған жылынуға көмектесті", – делінген БакудеГІ БҰҰ-ның климаттық конференциясының ашылуында.
Біріккен ұлттар ұйымының мәлімдеуінше, Париж келісімінің мақсаттары орындалмауы мүмкін.
"Климаттық апат халықтың денсаулығына зиянын тигізіп, теңсіздікті арттырып, тұрақты дамуға нұқсан келтіріп, бейбітшілік негіздеріне нұқсан келтіріп отыр. Бұл жағдайда халықтың осал топтары көп зардап шегіп жатыр", – деді Антониу Гутерриш.
2024 жылы орташа жаһандық температура 2023 жылғыдан да асып кетуі мүмкін. 
Айта кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" РМК 2023 жылға арналған Қазақстандағы жағдай мен климаттың өзгеруін бақылауға арналған жыл сайынғы бюллетень шығарған еді. Аспаптық бақылаулардың нәтижесінде 2023 жыл тарихтағы ең жылы жыл ретінде тіркелген. 
12 қараша 2024 ж. 247 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 417
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 221

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930