» » Испанияда су тасқынының салдарынан қаза болғандар саны 158-ге жетті

Испанияда су тасқынының салдарынан қаза болғандар саны 158-ге жетті

Испанияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 158-ге жетті. Соған байланысты елде 31 қазанда үш күндік аза тұту басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Су тасқынынан Валенсия қатты зардап шекті, онда 155 адам қаза тапты. Кастилия-Ла-Манчада екі адам және Малага провинциясында бір адам мерт болды.
Азаматтық гвардия Валенсия провинциясының зардап шеккен аудандарында 3400 құтқару операциясын жүргізді, шамамен 300 адамға әлі де қауіп төніп тұр, ал із-түзсіз жоғалған адамдардың саны белгісіз.
Төтенше жағдайлар қызметі үйінділерді тазалап жатыр. Испаниялықтар су тасқынына жергілікті билікті кінәлап отыр.
Мемлекеттік метеорологиялық агенттік әртүрлі аймақтарда дабыл деңгейін "қызылдан" "қызғылт сарыға" немесе "сарыға" түсірді.
Айта кетейік, Испанияда қатты жаңбырдан су тасқыны болып, адамдар қаза тапқаны туралы жазған едік. Бұған дейін су тасқынынан 90-нан астам адам ажал құшқаны айтылды.
04 қараша 2024 ж. 261 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 419
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 223

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930