» » Apple өзінің жасанды интеллектін бұзғандарға 1 млн доллар сыйақы бермек

Apple өзінің жасанды интеллектін бұзғандарға 1 млн доллар сыйақы бермек

Apple корпорациясы өзінің жасанды интеллектін бұзғандарға бір миллион долларға дейін сыйақы төлеуге уәде берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы ақпарат компанияның сайтында жарияланды.
Компания мамандары жақын арада Apple Intelligence жасанды интеллект (AI) қызметі брендтің смартфондары, компьютерлері және басқа құрылғыларында жұмыс істей бастайтынын мәлімдеді. Осыған байланысты Apple хакерлер мен энтузиастарды сыйақы үшін сервисті бұзып көруге шақырды.  Apple осылайша қауіпсіздік құралдарының сенімділігін тексермек.
Компания пайдаланушылардың барлық сұраулары инновациялық құпиялылық және қауіпсіздікпен қамтамасыз етілгенін атап өтті.
"Біз әрбір есепті ұсынылған дәлелдердің сапасына қарай бағалаймыз", – делінген компанияның хабарламасында. 
Apple компаниясы кодты еркін орындау арқылы қашықтан жасалған кибер шабуыл үшін ең көп - 1 миллион доллар төлеуді жоспарлап отыр. Ал пайдаланушылардың сұрау деректеріне қол жеткізе алған маман 250 мың доллар алады. Сертификатталмаған кодты орындаған 100 мың доллар, орналастыру немесе конфигурация мәселелеріне байланысты кездейсоқ немесе күтпеген жағдайда деректерді аша алған маманға 50 мың доллар беріледі.
Еске салсақ, бұған дейін жасөспірімнің жасанды интеллектпен сөйлескеннен кейін өзіне қол жұмсағаны туралы жазған едік.
30 қазан 2024 ж. 350 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 920
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 563

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930