» » Әлемдегі ең биік әрі ең жылдам лифті туралы не белгілі?

Әлемдегі ең биік әрі ең жылдам лифті туралы не белгілі?

Әлемдегі ең биік әрі жылдам лифт туралы білесіз бе? Ол туралы не белгілі? 1 минутта 326 метр биікке көтерілетін лифт қайда орналасқан?
Байлун немесе "Жүз айдаһар" лифті Қытайдағы Чжанцзяцзе ұлттық саябағында орналасқан. Ол туристерді бірнеше минут ішінде 326 метр биіктікке көтереді.
Бұл лифт бірден үш рекорд бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енеді:
  • ең жылдам жолаушылар лифті;
  • ең биік лифт;
  • әлемдегі ең үлкен жүк көтергіш лифт.
Жүк көтергіштігі 3750 келі дейінгі 3 екі қабатты кабинасы 60 секундта 100-ге жуық туристі көтеріп-түсіреді. Ал бір сағатта 1380 турист міне алады.
Лифтің құрылысы 1999 жылы басталып, 2002 жылы пайдалануға берілді.
Жер сілкінсе, не болмақ?
Лифтіде сейсмикалық датчиктер бар. Жер сілкінсе, адамдар аз уақытта эвакуацияланып, жерге түсіріледі. Бір қызығы, туристер бұл лифтіге міну үшін тіпті 4 сағаттап кезек күтеді.
Чжанцзяцзе ұлттық саябағынан лифтке кіреберісінде "Аватар" мүсіні тұр. Мұнда режиссер Джеймс Камеронның "Аватар" фильмі түсірілген.
Саябаққа кіру құны – 248 юань немесе 17 мың теңге. Бұл бағаға 3-4 күн аралауға мүмкіндік берілген, ал лифтке бір рет мініп-түсу үшін 72 юань (4 932 теңге) төлеуіңіз керек.
Айта кетейік, лифт ауа райы қолайсыз болғанда жабылады. Жалпы, Чжанцзяцзеде ылғал және тропикалық климат. Көбіне күн шығып, жаңбыр жауады. Қыс қысқа, ал жаз ұзақ болады. Мұнда аяз немесе аптап ыстық болмайды. Жазда ауаның орташа температурасы 27 градус.
massaget.kz
22 қазан 2024 ж. 221 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 845
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 566

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930