» » Демографияны жақсартатын бастамалар

Демографияны жақсартатын бастамалар

Сурет: ru.freepik.com
Оңтүстік Кореяда отбасын енді құрған ерлі-зайыптылар үшін төрт күндік жұмыс аптасы енгізіледі. Бастама елдегі демографиялық ахуалды жақсартуға бағытталған. Әзірге бұл жоба тәжірибе ретінде қолға алынған.
Кейінгі жылдары Оң­түстік Кореяда ба­ла туу көрсеткіші тө­мен­­деп кеткен. Өйткені бас­пана қымбат. Баланы бағып-қа­ғу шығындары да аз емес. Сал­дарынан жастар мансап қуып, сәбилі болуға асықпайтын көрінеді. Осыған байланысты билік отбасын құ­руға ынталандыратын арнайы бағ­дарламаларды іске қосқан. Мә­селен, жалғыз­ілікті жандар арасында кез­десу ұйым­дас­тырылады. Егер қа­рым-қаты­насын жалғастыратын бол­са, оларға ақша төлейді. Бұған қо­са баспана сатып алу, үй жалдап­ тұруға да қаржылай көмек бар.
Ресейде де бала туу дең­гейі төмендегендіктен, демогра­фия­лық ахуалды жақсарту мақса­тында ел үкіметі жас отбасыларға көбірек көңіл бөліп жатыр. Тіпті кей шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер жұмысқа тек жас отбасыларды қабылдайды. Сондай-ақ Дума депутаттары ұзақмерзімді неке үшін арнайы төлемдер енгізуді ұсыныпты.
Швецияда жастарды балалы болуға ынталандыру үшін немерелерін бағып отыр­ған ата-әжелеріне мемлекет­тен ақшалай жәрдемақы таға­йын­далған. Осылайша, жас­тар еңбек нарығында қалып, әлеу­меттік қажеттіліктерін алаңсыз өтейді. Тиісті заң биыл жазда кү­шіне енген. Жаңа ережеге сай, ата-аналарға 45 күнге де­йін ақылы демалысын баланың заңды қамқоршысы емес адам­ға аударуға мүмкіндік беріледі. Жалғызілікті ата-аналар бір ба­лаға 480 күндік ақылы дема­лыс­тың 90 күнін аудара алады. Бүгінде 2 мыңға жуық швед азаматы заң ұсынған мүмкіндікті пайдаланған.
Швецияның әлеуметтік сақ­тандыру агенттігі өкілінің ай­туынша, жаңа заң ата-ана­лардың жұмыс пен жеке өмірі арасындағы тепе-теңдікті жақ­сартуға, гендерлік теңдікті нығайтуға бағытталған.
«Бұл бүкіл Еуропа үшін жақ­сы үлгі бола алады деп ойлаймыз. Осылайша, жастарды бала­лы болуға, сондай-ақ еңбек нары­ғында қалып, белсенді жұ­мыс жүргізуге ынталанды­ру­ға бола­ды», деді елдің Әлеумет­тік қамта­масыз ету министрі Анна Тенье.
Ал біздің елімізде кейінгі 5 жылда ажырасу көрсеткіші 48 пайызға азайған. Бұған қо­са сүрбойдақтар да көбейді. Ұлт­­тық статистика бюросының де­регінше, былтыр республикада 120 мың неке тіркелген. От­басын құрушылар 2022 жылмен салыстырғанда 6%-ға аз. Үй­лену­ді емес, әуелі үйлі болуды мақсат тұтқан ер-азаматтардың дені – 32-35 жаста, бұрымдылар 30-ға тақап күйеуге шығуға тырысады. Көпшілігі жас ұлғайған са­йын денсаулықтың сыр беретініне назар салмайды. Салдарынан елі­мізде жастар денсаулығы­ның әл­сіздігінен, экологияның нашар­лауынан нәресте сүйе алмай жүр­ген ата-аналар саны көбейген.
Бұл мәселені шешу мақса­тында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2021 жылы «Аңса­ған сәби» бағдарламасы іске қосылды. Қазіргі таңда жоба аясында 21 мың әйелге көмек көрсетілген. Квота алған 8 мың әйел экстракорпоральды ұрықтандыру арқы­лы бала көтерген. Нәтижесінде, 7 мың­ғ­а жуық сәби дүниеге кел­ді. Бас­та­ма 2030 жылға дейін жал­ға­сады. Өйткені Мәдениет және ақ­па­рат министрлігінің зерт­­теуі бо­йынша, ерлі-за­йып­тылар­­­дың 20%-ы бала сүйе алмағандық­тан ажырасады екен. Сондай-ақ шаңырақтың шайқалуына тұрмыстық зорлық-зомбылық, опасыздық, лудомания, ішімдік пен нашақорлық себеп болып отыр.
egemen.kz
04 қазан 2024 ж. 168 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031