» » Италияда "төтенше демографиялық жағдай" жарияланды

Италияда "төтенше демографиялық жағдай" жарияланды

Италияда әлеуметтанушылар мен демографтар халықтың қартаюы мен бала туудың төмендеуіне назар аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Euronews-тің мәліметіне сәйкес, Италияда бала туу деңгейі Еуроодақ бойынша ең төменгі көрсеткішке ие. Сондай-ақ халықтың қартайып бара жатқаны да өзекті мәселеге айналып отыр. Ғалымдар бұл жағдай елдің болашағына үлкен қатер төндіріп, билік тарапынан қосымша күшті қажет ететіндігін айтты.
Қолданылып жатқан шаралар, соның ішінде жасанды түсік туралы заң жобасы әлеуметтанушылар мен коммерциялық емес ұйымдар тарапынан сынға ілікті. Билік пен басқарушы коалицияның негізгі міндеттерінің бірі – бала туу көрсеткішінің әрі қарай төмендеуіне жол бермеу және демографиялық шұңқырға түсудің алдын алу.
Егер үрдіс сақталатын болса, 2030 жылға қарай Италияның 59 млн халқы 1 млн адамға айналады. Италияның ұлттық статистика басқармасының (ISTAT) деректері бойынша, егер 2022 жылы бала туудың жиынтық коэффициенті (яғни орта есеппен бір әйелге бала саны) 1,24-ті құраса, бір жылдан соң ол 1,2-ге дейін қысқарған, - делінген хабарламада.
Былтыр ел үкіметі ана болу мен отбасын қолдауға бағытталған шараларға айтарлықтай қаржы бөлді. Алайда көптеген сарапшы бұл шаралар проблеманы шешу үшін жеткіліксіз деп отыр. Олар Италиядағы демографиялық құлдырау проблемасына кең әрі кешенді тәсілді талап етті.
12 мамыр 2024 ж. 348 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 422
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 229

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930