» » Жапонияның ең жолы болғыш адамы анықталды

Жапонияның ең жолы болғыш адамы анықталды

Жапонияның Нисиномия қаласында «жолы болғыш адам» атағы үшін жүгіруден дәстүрлі жарыс өтті.
5 мыңнан астам адам таңсәріден шаһардағы ғибадатхананың ауласына жиналып, 230 метр қашықтыққа жүгірді. Ереже бойынша құлшылық үйіне бірінші болып жетіп, ондағы қызметкерді алғаш болып ұстаған адам жеңіске жетеді. Ал биылғы жарыста үш бозбаланың бағы жанды. «Ең сәтті адам» атағын Куросу Сато есімді жоғарғы сынып оқушысы жеңіп алды. Ал бұл жарыстың тарихы XVI ғасырдан бастау алады. Тұрғындар саудагерлерді қорғайтын әулиеге арналған осы ғибадатханаға келіп, еске алу күні мінажат етіп отырған. Сол кезде әрбір тұрғын бұл орынға бірінші жетуге тырысып, кейіннен ол жүгіруге, содан соң жарысқа ұласқан.
Куросу Сато, жарыс жеңімпазы:
– Мен енді ғана колледжге түсуге дайындалып жүрмін. Сондықтан өзімшіл болмай, басқалармен жүлдеммен бөлісіп, олардың жүзінен қуаныш көргім келеді.
12 қаңтар 2018 ж. 1 485 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 086
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 743

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031