» » "Басқаның профиль суретіне скриншот жасай алмайсыз": WhatsApp жаңа функциясын іске қосты

"Басқаның профиль суретіне скриншот жасай алмайсыз": WhatsApp жаңа функциясын іске қосты

Бұдан былай WhatsApp желісінде басқа біреудің профиль суретінің скриншотын жасай алмайсыз. Аталған функция пайдаланушы деректерін қорғау үшін енгізілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
WhatsApp желісіндегі жаңашылдық туралы компанияның анықтамалық орталығы мәлімдеді. 
"Құпиялылықты қорғау үшін WhatsApp желісі пайдаланушыларға өздерінің профиль фотосуреттерінің скриншоттарын жасауға рұқсат бермейді. Енді сіз басқа пайдаланушының профиль суретінің скриншотын, ал басқа пайдаланушылар сіздің профильдік фотосуретіңіздің скриншотын жасай алмайды", – делінген хабарламада.
Скриншотты блоктау Android және iOS жүйелерінің барлық қолдау көрсетілетін нұсқаларында автоматты түрде қосылады. Бұл мүмкіндікті өшіру мүмкін емес, дейді әзірлеушілер.
Айта кетейік, бұған дейін WhatsApp профильдегі фотосуреттердің скриншоттауға тыйым салатын жаңа функция енгізгені туралы жазған едік. 
Жаңа функция пайдаланушының құпиялылығын жақсартуға және жеке суреттерді рұқсатсыз бөлісіп, таратуға байланысты әрекеттерді азайтуға арналған.
Дереккөздің айтуынша, жаңа функция бірінші Android қосымшасы үшін сынақтан өткен. Енді бұл мүмкіндік iOS-қа арналған WhatsApp-тың бета-нұсқасында 24.10.10.70 нөмірімен іске қосылған. 
15 тамыз 2024 ж. 424 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 462
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 264

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930