» » Әлемдегі ең қымбат және арзан қалалардың тізімі жарияланды: Рейтингте Алматы мен Астана бар

Әлемдегі ең қымбат және арзан қалалардың тізімі жарияланды: Рейтингте Алматы мен Астана бар

2024 жылдағы дерек бойынша ең қымбат қалалар тізімі жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Женева әлемдегі ең қымбат қала боп атанды. Numbeo-ның соңғы деректеріне сәйкес, Швейцарияның оңтүстік-батысындағы бұл қала 101,7 ұпай жинап, өмір сүру құны индексі бойынша бірінші орынды иеленді. Одан кейін елдің солтүстігіндегі Швейцарияның тағы бір қаласы – Цюрих (100,4 балл). Үшінші орында – Американың ең ірі қаласы Нью-Йорк (100 ұпай).
Үздік ондыққа Сан-Франциско мен Бостон (АҚШ), Рейкьявик (Исландия), Вашингтон, Сиэтл, Лос-Анджелес және Чикаго (АҚШ) кірді.
Рейтингте Алматы (34,2 ұпай) 164-орынға, Астана (31,9 ұпай) 176-орынға жайғасты.
Тізімдегі 218 қаланың ішінде Пәкістанның Карачи (19 ұпай) мен Лахор (19,1 ұпай) ең арзан қала болып шықты, сондай-ақ Үндістандағы Калькутта да арзан деп танылды.
10 тамыз 2024 ж. 440 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 970
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 204

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031