» » Вьетнамда жаңа президент сайланды

Вьетнамда жаңа президент сайланды

Бүгін Вьетнам Ұлттық ассамблеясы (бір палаталы парламент) елдің жаңа президентін сайлады. Мемлекетті енді Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі То Лам басқарады, деп хабарлайды Egemen.kz VIETNAM ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
То Ламды Вьетнам президенті етіп сайлау туралы қарарды отырысқа қатысқан Ұлттық жиналыстың 473 депутатының 472-сі қолдады.
Саясаткердің ел президенті лауазымына ұсынылған кандидатурасын Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитеті 16-18 мамыр аралығында Ханойда өткен кезекті пленумда мақұлдады.
То Лам 21 мамыр күні бұған дейін атқарған қоғамдық қауіпсіздік министрі қызметінен босатылды.
Айта кетейік, Вьетнамда мемлекет басшысының орны сәуірде Ұлттық жиналыстың бекітілген қарарына сәйкес Во Ван Тхуонг ел президенті қызметінен босатылғаннан кейін бос қалды.
23 мамыр 2024 ж. 319 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 622
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031