Конституция
» » Әлемдегі жаңа жел қуатының 65%-ы Қытайға тиесілі

Әлемдегі жаңа жел қуатының 65%-ы Қытайға тиесілі

БЕЙЖІҢ. KAZINFORM – Қытайлық жел турбинасының төрт өндірушісі өткен жылы саладағы ең үздік бес алпауыттардың қатарына енді. Қытайдың үлесіне 2023 жылы әлемдегі жаңа жел қуатының 65%-ы тиді. Бұған Wood Mackenzie халықаралық консалтингтік компаниясының келтірген мәліметтері дәлел.
Олардың есебіне сәйкес, бұл – қытайлық компаниялардың осы саладағы бірінші жетістігі. Рекордтық көрсеткіштер Қытайдың ішкі нарығындағы жел энергиясы бумының арқасында мүмкін болды. 
Рейтингінің көшбасшысы Goldwind Science & Technology Co. Ltd. компаниясы болды. Ол өткен жылы 16,3 гигаватт (ГВт) турбина орнатқан. Даниялық Vestas Wind Systems A/S компаниясы үздік «бестікке» кірген жалғыз батыс өндірушісі атанды.
Дегенмен, нарық «консолидацияланған» болып қала береді. Wood Mackenzie халықаралық консалтингтік компаниясының мәліметінше, алғашқы «бестік» әлемдік жел нарығының 54%-ын бақылайды.
Қытайдың жел энергиясы қауымдастығының есебіне сәйкес, өткен жылы Қытайдың құрлықтық бөлігінде жаңадан орнатылған жел энергиясының қуаты 59,3 пайызға өсіп, 79,4-ға жуық ГВт-қа жетті. 
Қытай өндірушілері 2022 жылға қарағанда 60%-ға көп жел қондырғыларын экспорттады, олардың жалпы көлемі шамамен 3,7 ГВт-ты құрады. 
Аталмыш елде жасалған турбиналар 18 мемлекетке экспортталды. Өзбекстан, Мысыр, Оңтүстік Африка, Лаос және Чили 2023 жылы сатып алушылардың «бестігіне» кірді. Бұл жалпы көлемнің 65%-дан астамын құрайды. 
12 мамыр 2024 ж. 370 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№49 (10517)

27 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

26 маусым 2026 ж.

№47 (10515)

23 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 375
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 893

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930