» » Зілзалада пана болған киіз үй: Түркияға деген риясыз пейілімізді көрсетті

Зілзалада пана болған киіз үй: Түркияға деген риясыз пейілімізді көрсетті

Суретті түсірген – Тұрар Казанғапов
«Ырыс алды – ынтымақ» дейді дана халқымыз. Былтыр Түркия жерінде болған алапат зілзаладан кейін отандастарымыз қаржы жинап, бауырлас елге мыңдаған киіз үй жөнелтіп, ынтымағын танытқан еді. Жер сілкінісі салдарынан үйсіз-күйсіз далада қалған түрік бауырлар сол киіз үйдің қызығын көрудей-ақ көріп, атажұрттағы ағайынға көздеріне жас ала алғыс жаудырған-ды. Қазір сол көшпелілер баспанасы қайда екен деген сұрақ қолымызға қалам алдырды.
Қиын-қыстау шақта қазақ халқы да қарап отырмай, бауырлас елге гума­ни­тарлық көмекті күндіз-түні жіберді. Соның ішінде жер сілкінісінің тауқы­метін тар­тып, қайғыдан қан жұтқан түрік­терге жәрдем болған баспана – қа­зақтың киіз үйін айрықша атап айт­сақ артық етпес. Жұрттан жи­налған 20 миллион теңгеге жуық қаржыға ал­ғашында 45 киіз үй сатып алынған еді. Кейіннен бұл сауапты да игі істің соңы толқынды қуған толқындай әсер алып, бүкілхалықтық сипатқа ие болды.
Түркияға киіз үй жөнелту баста­ма­сы­ның басы-қасында жүр­ген әріптесіміз Нұрбек Бекбауға хабарласып, қайғыдан қан жұтқан халыққа қанатымен су сепкен қар­лығаштай қызмет қылған қазақ­тың киіз үйінің қазіргі күйін сұрастырдық.
–Түрік бауырларға гумани­тар­лық көмек ретінде 100 киіз үй алып бармақ болдық. Бірақ жолда сынып қалғаны бар, ұшаққа сыймағаны бар, жалпы саны 92 киіз үй жеткіздік. Оларды негізінен Хатай, Қахраманмараш, Газиантеп қалаларына құрдық. Одан бөлек, отандық кәсіпкерлер 30 киіз үй қосты. Осылайша, жалпы саны 125-тей қазақ үйді Түр­кияның 10 қаласына тігіп шық­тық, – дейді белгілі журналист Н.Бекбау.
Оның айтуынша, ынталы топты Дүниежүзілік этноспорт конфе­де­ра­ция­сының президенті Нәжмеддин Біләл Ердоған қабыл­дап, Қазақстаннан 6 мың киіз үй алуға тапсырыс берген екен. Бірақ елде бірден мыңдаған киіз үй дайындап бере қоятын цех болмағандықтан әрі инвестиция жағы қиындап кеткен соң бұл тапсырыс толық орындалмапты.
– Қол қусырып, қарап отырмай біз қырғыз бауырларды да бұл іске тарт­тық. «Air Astana» ком­паниясының қызметкері Гүлім Қайырденқызы, кәсіпкер Дастан Жұмабай үшеуіміз білек сыбана кірісіп, қазақ жерінен Анадолыға бас-аяғы 2 мыңнан аса киіз үй жеткіздік. Қырғыздар да сол екі мыңның шамасында киіз үй жөнелтті. Бұл шаруа жалғасып жатты. Осылайша, қажет етілген 6 мың киіз үй санын шығара алдық, – дейді Н.Бекбау.
Н.Бекбаудың айтуынша, киіз үйлерді Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы алдағы Көшпелілер ойындарына қолдану мақсатында қоймасына жинап қойыпты. Бұл киіз үйлердің ішінде жуынатын жері, әжетханасы қоса қарастырылған. Табиғи апаттан қатты қираған Қаһраманмараш пен Хатай қалаларында құрылыс жұмыстары жүріп жатқандықтан, әлі күнге киіз үйде тұрып жатқан тұрғындар бар екен.
– Қала әкімшілігі оларға бір­неше мәрте заманауи контей­нер-үйлерді ұсын­ған екен, бірақ олар өздеріне қаза­қы үй ыңғайлы екенін айтып темір бас­панадан бас тартқан. Қазір сол Қаһраманмарашта киіз үйлер қаз-қатар тігілген үлкен-үлкен шағын аудандар бар. Халықарлық AFAD ұйымы Ливияда су тасқыны болып, боран тұрып, үйлер қираған кезде 500-ге жуық киіз үйді сол елге гуманитарлық көмек аясында жеткізіпті. Жағдай түзе­ліп, бәрі дұрысталған соң ол киіз үй­лерді қайтадан Түркияға алып келген, – деген Н.Бекбау кейбір киіз үйлер жоғары оқу орындарында, халықаралық көр­мелерде, адам көп жүретін орындарда да тігілгенін жеткізді.
Осылайша, бауырлас елге қазақ пен қырғыздан жеткен 6 мың киіз үйдің төрт мыңы жағ­дайға байланысты түрлі мақ­сат­та әлі пайдаланылып жүр екен. Одан бөлек түркиялық қа­зақ­тар да киіз үйлер сұратқан. Оларға да берілмек. Бір сөзбен айт­қанда, миллиондаған қара­жат­қа жеткізілген киіз үйлер қой­ма­ларда құр босқа шаң басып жатқан жоқ.
egemen.kz
21 наурыз 2024 ж. 279 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031