» » 2026 қарай Қазақстанға 500 мыңға жуық үндістандық турист келеді

2026 қарай Қазақстанға 500 мыңға жуық үндістандық турист келеді

Үндістанда Kazakh Tourism алғашқы шетелдік өкілдігінің ашылу салтанатында Salvia Promoters компаниясының басшысы Прашант Чодри осылай деді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Үндістан астанасында Оңтүстік Азияның ең ірі халықаралық туристік көрмесі – SATTE ашылу салтанаты өтті.
Ресми іс-шараға Үндістан туризмінің басшысы, Индонезияның Туризм және креативті экономика министрі, PATA Азия-Тынық мұхиты туризм қауымдастығының басшысы, Мәскеу, Беларусь туристік департаменттерінің басшылары және "Kazakh Tourism "ҰК" АҚ Төрағасы Қайрат Сәдуақасов қатысты.
Көрме аясында Kazakh Tourism компаниясының Үндістан нарығы бойынша өкілі тағайындалды.
Қайрат Сәдуақасов тиісті сертификатты Salvia Promoters компаниясының басшысы Прашант Чодриге табыстады.
Компания Орталық Азия мен Ресей нарықтарын ілгерілетуге маманданған. Әр жылдары Salvia визалық орталық және ілгерілету кеңсесі ретінде біздің аймақтың бірқатар қаласы мен елдерін таныстырып келеді.
"Бұл – Қазақстан туризмін халықаралық деңгейде ілгерілетудің жаңа қадамы. Біз әлемдегі ең перспективалы туристік нарықтардың бірі саналатын Үндістанда өз өкіліміз болатынына қуаныштымыз. Алдағы уақытта бұл тәжірибені басқа да нарықтарда кеңейтуге ниеттіміз", - деді Қайрат Сәдуақасов.
Өз кезегінде Прашант Чодри Үндістан туристеріне Қазақстан туризмін таныстыру үлкен мәртебе екенін атап өтті. Сөзінше, оның көпжылдық тәжірибесі екі ел арасындағы туризмнің дамуына оң әсер етеді.
Екі тарап Қазақстанға Үндістаннан туристік топтарды тарту, сонымен қатар көшпелі туризм нарығында Kazakh Tourism мүддесін таныстыру мақсатында серіктестікті дамыту туралы келісімге келді. Тараптардың алғашқы бірлескен жұмысы – SATTE көрмесіне қатысу және биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында үндістандық тревел журналистердің Қазақстанға келуін ұйымдастыру.
Мамандардың болжамы бойынша, Үндістанның көшпелі туризм нарығы 2026 жылға қарай 50 миллионнан аса туриске жетеді.
Бұл ретте Прашант Чодри 2026 жылға қарай Қазақстан жыл сайын 500 мыңға жуық үндістандық туристі қабылдай алатынын жеткізді.
23 ақпан 2024 ж. 244 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 347
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031