» » Қырғызстанның депутаты Қазақстаннан үлгі алып, бастауыш сыныпта орыс тілін оқытпауды талап етті

Қырғызстанның депутаты Қазақстаннан үлгі алып, бастауыш сыныпта орыс тілін оқытпауды талап етті

Қырғызстанның парламент отырысында жоғарғы кеңес спикері Нұрланбек Шәкиев мемлекеттік тіл туралы заң қабылданғаннан кейін қырғыз тілінің мәртебесін көтеру керек екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды
Оның айтуынша, қырғыз тілін дамытуды балабақша мен бастауыш мектептен бастау керек.
Тина Канделаки қазақтарды "мәңгүрт" деп атап, Қаңтар оқиғасы кезінде Ресейдің көмекке келгенін еске салды. Көршілерімізге қанша су қажет болса, сонша береміз – Қырғызстан президенті
"35 жыл бойы қырғыз тілі дамымады, мұны мойындауымыз керек. Тіпті көрші Қазақстанда 1-4 сыныпқа дейін тек қазақ тілі үйретіледі, басқа тіл жоқ. Біз де осындай қадамдарға баруымыз керек. Тағы бір мәселе, "Ыйман" пәні енгізілгенде, қырғыз және ағылшын тілі пәндерінің әрқайсысы бір сағаттан қысқартылды. Бұл қырғыз тіліне деген немқұрайлылық қой, басқа тілді үйрететін пәндерді қысқартуға болмай ма?" – деді депутат.
Нұрланбек Шәкиев барлық мемлекеттік қызметкерлер қырғыз тілін білуге міндетті екенін атап өтті.
22 ақпан 2024 ж. 466 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930