Құрылтай
» » Роналдуға шапан жапқан қазақ кәсіпкері Ломаченконы қолдауға барды

Роналдуға шапан жапқан қазақ кәсіпкері Ломаченконы қолдауға барды

Әлемнің ең үздік футболшысы Криштиану Роналдуға қазақтың шапанын жапқан белгілі кәсіпкер Ибрагим Акдрашев WBO тұжырымы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Василий Ломаченконы Хорхе Линареске қарсы өткізген жекпе-жегіне қолдауға барды.
Қазақстандық белгілі кәсіпкер, спорт жанашыры Ибрагим Акдрашев АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы атақты Madison Square Garden аренасында өткен Василий Ломаченко мен венесуэлалық Хорхе Линарестің кездесуін тамашалауға арнайы барды. Ибрагим Акдрашев үлкен спорт шараларынын қатысып қана қоймай, өзі де ұйымдастырады. Атап айтсақ, жақында ғана Атырауда «CharityBike Ride Atyrau — 2018» қайырымдылық велошеруі өткізіп, одан түскен қаражаттың барлығын спортпен айналысамын деген жас жеткіншектердің қажеттіліктеріне жұмсаған болатын.
Айта кетейік, Василий Ломаченко WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы болған Хорхе Линаресті техникалық нокаутпен жеңіп, үш салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанды.


14 мамыр 2018 ж. 3 094 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 681
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 131

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31