» » Амстердамда сағыздан аяқкиім шығарылды

Амстердамда сағыздан аяқкиім шығарылды

Амстердамда сағыздан аяқкиім шығарылды
Амстердамда табаны сағыздан дайындалған әлемдегі алғашқы кроссовка – "Gumshoe Amsterdam" жасап шығарылды. Осы аяқкиімді жасауда қала көшелерінен жиналған сағыз пайдаланылған.
Аталған жоба "Iamsterdam" маркетинг компаниясы тарапынан жүзеге асырылған. Мұндағы мақсат қаланың ластануына жұрт назарын аудару болған. Белсенділер көшелерден сағыз жинап, оларды аяқкиім шығарушы "Explicit" компаниясына апарған. Нәтижесінде табаны сағыздан престелген кроссовкалар жасалды. Жақын арада бұл кроссовкалар сатуға шығарылады. Бірақ, нақты бағасы белгілі емес.
Статистика мәліметеріне сүйенсек, Нидерландия астанасы көшелерінен әр жылы 1,5 миллион келі сағыз жиналады. Бұл жерде сағыз қалдықтары темекі тұқылынан кейінгі 2 орында тұратын, қаланың ластануына себеп болатын мәселелердің бірі. Эколог ғалымдардың мәліметінше, сағыз қалдықтары ұзақ уақыт, орташа есеппен 20-25 жыл сақталатын қоқыстар қатарына жатады.
30 сәуір 2018 ж. 1 059 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930