» » Ғалымдар Жердегі тіршілік иелерінің қырылуы басталғанын мәлімдеді

Ғалымдар Жердегі тіршілік иелерінің қырылуы басталғанын мәлімдеді

Маноадағы Гавай университеті мен Париждегі Ұлттық мұражай биологтары Жер бетіндегі тіршілік иелерінің жаңа жаппай қырылуы басталғанына дәлелдер келтірді. Ғалымдар зерттеу нәтижесін Biological Reviews журналында жариялады. 

жер
Ғалымдардың пікірінше, Жердегі алтыншы жаппай қырылу табиғи катаклизмдерден емес, адамдардың іс-әрекетінен болған. Әзірге ол жойылуы мүмкін жеке топтарға ғана әсер етіп отыр. 
Сирек кездесетін және жойылуы мүмкін тірі ағзалар тізіміне омыртқасыздардың аз бөлігі енгізілген. Мұндай ағзалардың жойылу жылдамдығы салыстырмалы түрде жоғары.
Зерттеушілер мәліметі бойынша, XVI ғасырдан бері ұлулардың 2 000 000 түрінің 7,5-13% жойылып кеткен. Бұл шамамен 150-260 мың түр. Алайда Қызыл кітапқа тек 886 түр енгізілген. Бұлардың ішінде құрлықтық түрлерге қарағанда, аралдық түрлер көп зардап шеккен. 
Жұмыс авторлары жаңа қырылу табиғи жолмен болды деген тұжырыммен келіспейді. Қазіргі уақытта адамдар әрекеті Жер биосферасына әсер етіп етіп отырған негізгі күш болып отыр. Сонымен қатар мамандар дағдарыс алдында археологиялық әдістерді пайдалана отырып, жойылу мүмкін түрлер жайлы ақпарат жинау керегін айтты. 
17 қаңтар 2022 ж. 907 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031