» » 104 жастағы қарт әйел өмірінде алғаш рет партаға отырып, оқу мен жазуды үйренді

104 жастағы қарт әйел өмірінде алғаш рет партаға отырып, оқу мен жазуды үйренді

Үндістанның Керала штатының тұрғыны Куттиамма 104 жасында оқу, жазуды үйренді. Әйелдің арманға жету жолындағы ұзақ жолын The Guardian басылымы жазады.


Басылымның мәліметінше, Куттияма бүкіл өмірін ауылда өткізіп, ұзақ жылдар бойы тұрмыстық міндеттерден босамаған. Әйел төменгі таптағы отбасында дүниеге келген, алайда өз құлшынысымен сауатты болуға тырысқан. Бірақ бұл мүмкіндік әйелге 104 жасында беріліпті.  
"Маған әлемде не болып жатқаны әрдайым қызық болатын. Осы себепті оқи алмайтыныма талай өкіндім”, – дейді Куттияма.
Отбасындағы жастарға өзіне дауыстап газет оқып беруін сұрайтын. 
"Ол кезде әйелдерге білім беру мүмкін емес нәрсе болып саналды. Тіпті ұлдар тоғыз жасында оқуды тастап кететін. Менің ата-анам жері жоқ ауылшаруашылық жұмысшылары болды, ал менің міндетім тамақ дайындау, кір жуу және 11 ініммен бірге тұратын үйді ретке келтіру болды", –  деп түсіндірді үндістандық әйел.
Ол 16 жасында үйленіп, бес баланың анасы атанған. Осыған қарамастан, оған әрқашан бірдеңе жетіспей тұрғандай көрінетін.
Қараша айында ешқашан партада отырмаған әйел математика пәнінен ең жоғары балл алып, бастауыш мектепке арналған мемлекеттік емтихан тапсырды. Сонымен қатар, ол малаялам тілін білу бойынша тест тапсырған. Оның жетістіктері жергілікті билік назарынан тыс қалған жоқ.
"Адамның жасы білім алуға кедергі бола алмайды. Куттияммаға үлкен құрметімді білдіремін, оған және басқа оқушыларға бар жақсылықты тілеймін", — деп жазды Білім министрі Twitter-де әйелді құттықтап.
12 желтоқсан 2021 ж. 604 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930