» » Қазақстан мен Үндістан арасында тұрақты рейстер қайта жанданды

Қазақстан мен Үндістан арасында тұрақты рейстер қайта жанданды

Қазақстан мен Үндістан арасында тұрақты әуе рейстері жанданады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан мен Үндістан арасында тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіруге рұқсат берді.
"15 қарашадан бастап "Эйр Астана" әуе компаниясы Алматы – Дели – Алматы бағытында аптасына 3 рейс орындауды жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
Бұған дейін 4 қарашадан "Северный ветер" (Nordwind) әуе компаниясы Қазақстаннан Ресейдің Калининград қаласына рейстер ашатыны хабарланды. Калининградқа Нұр-Сұлтаннан (сенбі сайын) және Алматыдан (бейсенбі сайын) жетуге болады. Жолаушыларды Boeing-737 тасымалдайды.
Сондай-ақ 6 қарашадан бастап Қазақстан мен Әзербайжан арасында тұрақты әуе қатынасы қалпына келеді.
02 қараша 2021 ж. 758 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 629
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 408

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031