» » Аман Төлеев Кемерово облысы парламентінің депутаты болды

Аман Төлеев Кемерово облысы парламентінің депутаты болды

Аман Төлеев Кемерово облысы парламентінің депутаты болды
ТАСС Кемерово облысының бұрынғы губернаторы, 73 жастағы Аман Төлеев өңірдің халық депутаттары кеңесінде мандатқа ие болды.
Бұл туралы ТАСС агенттігі өңірдің сайлау комиссиясына сілтеме жасап хабарлады.
«Бүгін Кемерово облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Онда төртінші шақырылымдағы Кемерово облыстық халық депутаттары кеңесінің бос мандатын «Единая Россия» партиясының Кемерово өңірлік бөлімшесінен Төлеев Амангелді Молдағазыұлына беру мәселесі қаралды. Бос депутаттық мандатты оған беру туралы шешім қабылданды», – деді сайлау комиссиясының өкілі.
Сондай-ақ ол 2013 жылы облыстық кеңес депутаттарын сайлауда «Единая Россия» партиясының ұсынған кандидаттар тізімінде Төлеевтің көш бастап тұрғанын атап өтті. 73 жастағы Аман Төлеев Кемерово облысын 1997 жылдан бері басқарып келді. Ол Кемеровода болған қайғылы жағдайдан кейін РФ президенті Владимир Путинге өз еркімен қызметінен кету туралы өтініш білдірген еді.
04 сәуір 2018 ж. 1 387 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 917
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 167

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930