» » Қытай мен Қазақстан арасында жаңа жүк теміржол бағыты іске қосылды

Қытай мен Қазақстан арасында жаңа жүк теміржол бағыты іске қосылды


Қытай мен Қазақстан арасында Қытайдың оңтүстігіндегі Наньнин қаласы мен Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласымен байланыстыратын жаңа жүк теміржол бағдары іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сенбі күні Наньнин халықаралық теміржол портынан ауыр құрылыс техникасы бар 49 контейнер тасымалдайтын пойыз шығып, жөнелтілген сәттен бастап 13 күн ішінде Қазақстан астанасына жетеді. Ұзындығы 5 031 шақырым болатын бұл бағдар «Қытай –Еуропа» халықаралық теміржол жүк тасымалы аясында іске қосылды. «Жаңа бағдар іске қосылғанға дейін мұндай тасымалға 45 күннен астам уақыт кететін», – деп мәлімдеді қытайлық Guangxi Construction Engineering Group Construction Machinery Manufacturing компаниясы. China Railway Nanning Group компаниясының өкілі Чжоу Сытунның айтуынша, жаңа бағдар «Бір белдеу – бір жол» бастамасындағы Наньниннің рөлін арттыруда үлкен маңызға ие. Естеріңізге сала кетейік, Қытай билігі «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясында «Қытай – Еуропа экспресін» дамыту мақсатында темір жолдар мен өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыруға ниетті.

14 наурыз 2021 ж. 909 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 597
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 377

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031