» » 10 000 метрге жүгіруден әлем рекорды жаңарды

10 000 метрге жүгіруден әлем рекорды жаңарды


Угандалық жеңілатлет Джошуа Чептегей 10 000 метрге жүгіруден әлем рекордын жаңартты. Спортшы Валенсияда өткен жарыста бұл аралықты 26 минут 11 секундта жүгіріп өтті.

Осыған дейін 10 000 метрге жүгіруден әлем рекорды эфиопиялық Кененис Бекеле еншісінде болатын. Ол 2005 жылы 26 минут 17,53 секундта жүгіріп өткен еді. Одан бергі 15 жыл ішінде бұл рекорд жаңармай келген-ді.

Джошуа Чептегей әлемдік деңгейдегі жетістік шыңын бағындырып жүрген спортшы. Тамыз айында 5 000 метрге жүгіруден де әлем рекордын жаңартқан. Нәтижесі 12 минут 35,36 секунд болған еді.

08 қазан 2020 ж. 792 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 506

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930