Құрылтай
» » 1,2 млрд пайдаланушының деректері желіде тарап кетті

1,2 млрд пайдаланушының деректері желіде тарап кетті

 АҚШ азаматы, киберқауіпсіздік сарапшысы Винни Тройя әлеуметтік желіге тіркелген 1,2 млрд пайдаланушы туралы мәліметтер сақталған деректер базасын анықтады, деп жазады  

1,2 млрд пайдаланушының Facebook, Twitter, LinkedIn және Github сервисіндегі мәліметі ашық деректер базасында тұрған. Бұл туралы киберқауіпсіздік сарапшысы Винни Тройяның сөзіне Wired басылымы сілтеме жасап хабарлады. 
Сарапшының айтуынша, мәліметтер желіге пайдаланушылардың жеке профилінен түскен. Олардың ішінде 50 млн телефон нөмірі және пайдаланушылардың еңбек жолының тарихы бар.
Деректер базасында аккаунт құпиясөзі немесе банк карталарының нөмірі болмаған. Бұл кімнің деректер базасы екені белгісіз, файл Google Cloud сервисінде сақтаулы. Оның атауы People Data Labs компаниясына тиесілі. Бірақ аталған компанияның негізін қалаушы Шон Торн бұл сервисті пайдаланбайтындарын айтты.
Винни Тройя ФБР-ге деректер базасы туралы хабарлағаннан кейін бірнеше сағат өткен соң файл бұғатталды.

24 қараша 2019 ж. 1 041 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 602
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 065

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31