Жүк көлігінен 39 адамның мәйіті табылды
ЖОСАЛЫ, 24 қазан - qarmaqshy-tany.kz Англияның Эссекс патшалығында ішінде 39 мәйіті бар жүк көлігі табылды. Көлік Грейс индустриалды аймағында тұрған, деп жазады @qazaqnews.

- Біз жүргізушіні оқиғаға қатысы бар деген күдікпен қамауға алдық, тергеу жүріп жатыр, - деді Маринер.
Жүк көлігі табылған жердің жанында полиция кордоны орнатылды.
Эссекс округтік полиция департаменті директорының орынбасары Пиппа Миллстің айтуынша, түнгі сағат 1:40 шамасында жедел жәрдем қызметі полиция бөлімшесіне қорқынышты жағдай туралы хабарлады. Оқиға орнына дәрігерлерді кім шақырғандығы әзірге белгісіз.
- Біз жүк көлігі Болгариядан келіп, Ұлыбританияға пароммен Холлихед порты арқылы 19 қазанда жеткен деп санаймыз. Оқиға орнына құтқарушылар келді, бірақ барлығы өліп қалды. Құрбан болғандардың бірі шамасы жасөспірім, - деді Миллс.
- Адам саудасы - бұл жаман және қауіпті іс, - деп жазды Эссектегі Таррок аймағының депутаты Джеки Дойл Прайс өзінің Twitter парақшасында
Ол өлтірушілер табылып, жауапқа тартылатынына үміт білдірді. Полиция әзірге болған оқиғаның қандай-да бір нұсқасын ұсынған жоқ.
Ұлыбритания ішкі істер министрлігінің басшысы Притий Пател трагедиядан шошып қалғанын айтты.