» » Әлемдегі ең ықпалды әйелдер

Әлемдегі ең ықпалды әйелдер

BBC "Әлемдегі ең ықпалды әйелдер" рейтингін жасады. Биылғы тізімге экоактивист оқушы Грета Тунберг, конгрессвумен Александрия Окасио-Кортес мен актриса Ялица Апарисио сынды есімі соңғы кездері ел аузынан түспей жүрген бикештер енген. Түрлі елдердің ғалым, саясаткер, спортшы т.б. салада белсенді әйелдері "Жер", "Ғылым", "Көшбасшылық", "Шығармашылық", "Спорт" және "Тектілік" аталымдары бойынша 6 категорияға бөлінген. Мысалы, рейтингке енген Ялица Апарисио Альфонсо Куаронның "Рома" картинасында басты рөлді сомдаған, жалғыз атақты үндістекті актриса. Ялицаның ата-анасы үндіс текті. Оның әкесі миштек тайпасынан шықса, анасы — трики жұртының қызы. Жас актриса бала кезінде миштек тілін естіп өссе де, есейе ұмытыңқырап қалған екен. Куаронның киносына түсерде сол білімін жетілдіруге тура келген. Апарисио ешқашан актерлік білім алмаған, оның негізгі мамандығы педагогика саласымен байланысты. Оның "Ромаға" келуі де кездейсоқ оқиға. Әпкесі үнемі актриса болуды армандаса керек, Куаронның хабарландыруын көргеннен кейін, сіңлісінің баруын өтініп, мазасын ала береді. Өзінің баруына жүктілігі кедергі болған. Арманын туған сіңлісі жүзеге асырғанын қалайды. The Guardian басылымына берген сұхбатында Ялица кастингке барғысы келмегенін айтқан, бірақ ол мұны өзі сияқты қарапайым адамдарды кинематография қаншалықты жарқын жүзбен қарсы алар екен деген ішкі сауалына жауап алу үшін жасаған. Тізімдегі өзге арулар да осындай айрықша тағдыр иелері.
Тізімді толық көру үшін мына сілтемеге өтіңіз. https://www.bbc.com/news/world-50042279


19 қазан 2019 ж. 103 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (9842)

19 қараша 2019 ж.

№89 (9841)

16 қараша 2019 ж.

№88 (9840)

12 қараша 2019 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930