» » Танымал актриса жансақтау бөліміне түсті: дәрігерлер оның жағдайы туралы айтты

Танымал актриса жансақтау бөліміне түсті: дәрігерлер оның жағдайы туралы айтты

Ресейлік актриса Анастасия Заворотнюктің денсаулығына қатысты БАҚ-та тың дерек пайда болды. Ресми емес мәлімет бойынша, әртіс онкологиялық дертке шалдыққан.
Дәрігерлердің хабарлауынша, қатерлі дертпен ауыратын актриса жартылай сал болып қалыпты. Денесінің оң жағы парезге ұшырап, оң қолына зақым келді, деп жазады Mash.
Заворотнюк Польша емханасынан Мәскеу ауруханасына жеткізіліп, қазір жансақтау бөлімінде.
"Нейрохирургтер ота жасау жолын қарастырып жатыр, алайда қазіргі жағдайда ол өте қауіпті", - делінген хабарламада.
Бұған дейін дәрігерлер химия және сәуле терапиясын жүргізіпті, бірақ одан еш нәтиже шықпады – Заворотнюктің дерті асқынып кетті.
Жақын арада консилиум ұйымдастырылып, мамандар ота жасау мәселесін талқылайды. Алайда актрисаның операциядан аман қалуы екі талай, дейді дәрігерлер.
Заворотнюк қандай дертке шалдыққан?
Бұдан бұрын ресейлік жұлдыздың жансақтау бөліміне түскені хабарланған еді. Ауыр сырқатқа шалдыққан Анастасия Заворотнюктің миында ісік пайда болған. Оған мидың қатерлі ісігі деген диагноз қойылыпты. Актрисаның сырқаты жайында бір жыл бұрын белгілі болды, соңғы кездері ол Еуропада емделіп жүрген еді.
Мәскеу емханасына Заворотнюк Польша ауруханасынан жеткізілді. Қазір жанында күйеуі Петр Чернышев бар.

15 қыркүйек 2019 ж. 1 090 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 610
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 385

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031