АЗАМАТ

Қазақта «Халықтың, елдің азаматы» деген мәні тереңде, мағынасы зор, ұғымы кең сөз бар. Зерделеп ой жүгіртсек мұндай мәртебе екінің біріне бұйыра бермейді. Ел арасы болған соң, қиын-қыстау жағдайлар болмай тұрмайды. Оған қол ұшын беріп, қиындықтан құтқарып жіберетін, көптің көңілінен шығатын осындай ер жігіттер елдің шебі ғой. Есімі елдің тұғырында, берік діңгегіне айналған биік тұлғалар, асыл жандар болады. Тағдыр бұйыртқан азаматтық жолдың сан қилы иірім-иректерін басып өткен кісінің есімі Қылышбек Әбішов.
Қылышбек бар болса тасымайтын, жоқ болса жасымайтын, сабыры мол, көңілі жомарт, құшағы кең, адалдықтан айнымай, айтқанынан қайтпайтын өр мінезі өзіне ғана жарасатын ер-азамат екенін ел мойындады. Бүкіл Сыр бойы егіншілері күрішшілері оның білімділігін, іскерлігін ғалым-агрономдығын мойындады.
Қылышбек мінезге бай, ашуын артта, ақылын алда ұстайтын, жаны жайсаң жан еді. Еш уақытта дауыс көтеріп сөйлеген емес. Әңгімелесе кеткен еңбек адамының жеңіл тілін табатын. Сыйласқанмен сыйласа білетін. Сондықтан ол қандай да бір жердегі жасаған қызметтерінде, жұмыстарында, жүрген ортасында сыйлы болды.
Біз Қылышбекпен қатармыз, замандаспыз. Екеуміз Қармақшының екі ауылында туып, өсіп, әр саланың маманы бол­ғанымызбен, тіршілігіміз өзектес, сыйластығымыз, достығымыз тамырлас. Ойланып отырсам, мен Қылышбекті өткен ғасырдың 72-73 жылдарынан бас­тап, 50 жылға жақын уақыттан бері біледі екенмін. Халық айтса айтқандай, есімі аудан ғана емес, бүкіл Сыр бойына, қала берді республика көлеміне танымал қармақшылық Қылышбек Әбішевтің өмір жолы өнеге, тағдыр жолы тағылым. Төменде де, төрде де өзгермеген, сөзге ермеген, жас кезде де, бас кезде де байыпты, ұлыққа да, халыққа да жағымды бола білген азаматтың бірі деп білемін.
Қылышбек алғаш оқу бітіріп келгеннен кейін аудандағы іргелі шаруашылық болып саналатын «Ақжар» совхозында кіші агроном, кейін Чапаев атындағы колхозда бас агроном болып жемісті жұмыс істеп, байырғы дихандардан, тәжірибелі аға-апаларынан күріш өсірудің қыры мен сырын жақсы меңгерді, ауылшаруашылығының білгір маманы, күріш өсірудің шебері болып қалыптасты. «Чапаев» колхозында жүрген кезеңдерінде күріш егісін орналастыруға байланысты тартысты кезеңдерде де сол кездегі колхозды басқаратын майталман басшы Ерназар Сексенбаевтың өзін, күріштің агротехникасын ұйымдастыру жөнінде талай мойындатқанын сол елдің халқы жыр қылып айтып отыратыны жасырын емес.
Ол кейінгі кезде «ІІІ Интернационал» колхозында бас агроном болды. Социалистік Еңбек Ері, шаруашылық басқарудың данышпаны атанған, Қармақшының «Қаш­қансу» алқабын атамекеніндей гүлден­дірген Цай Ден Хак Қылышбектің білімді маман, өзіндік пікірі, көзқарасы бар азамат екенін танып, колхозға бас агроном болуға шақырады. Азамат ретінде қалыптасу, басшы ретінде кемелдену кезеңдерінде өзіндік өнегесі, өмірлік сабағы болған ірі тұлға ретінде бағалап, Цай Ден Хак ағамыз туралы Қылышбек екі әңгімесінің бірінде күнде айтып отыратын. Иә, ол ағамыздың ел басқа-рудағы бай тәжірибесін айтпай өтуге, еске алмауға шарамыз жоқ.
Қылышбек киелі Қармақшының ерекше бұрышы Сырдария өзенінің бойында «Дүр Оңғар» ауылында мұғалімнің жанұясында дүниеге келді. Бала кезінен байыпты, болымды бозбала алдына айқын мақсат қоя білді. Сол мақсат жолында майыспай, қайыспай, сындардан сынбай, тағдырмен тайталасып жетілді. Қылышбек – тұрмыста да, жұмыста да қызығы көп, өкініші аз өмір сүріп, бақытты отбасының басшысы болды. Тегінде, текті жігітке өмір жақсы жар сыйлайтын болса керек. Өсетін, өнетін азаматтың бағын байламау, жолын ашу үшін мынау өмірде айы оңынан туған азаматтардың құдай қосқан қосақтары да егіздің сыңарындай сыйлас, үндес болып келеді. Сірә, бұл да тегін емес. Отағасысын баласындай баптап, сағын сындырмай сақтап, елге еңбек етуіне жағдай жасау – өмірлік жақсы жардың ғана қолынан келетін үлкен бақыт деп білеміз. Шәкен де – жолы болған жігітке жолыққан байсалды бәйбіше, білікті дәрігер. Бұл адами бақыттың басты белгісінің бірі деп танимыз. Сырлас, сыйластары сыйлайтын, жақсылар мен жақындардан жанын аямайтын жампоз азамат біздің Қылышбек – басшы болмағанда да обал-сауапты ойлайтын, жан-жағына жанының жарығын шашып, жүрегінің жылуын үлестіріп жүретін айтулы тұлға. Қысқасы, осындай жанның басшы болғаны алдымен ел бақыты, хал-қымыздың ортақ олжасы.
Ізеттілік, жұртқа, оның ішінде бастықтарға бір көрсетіп алып, қайтадан сандыққа салып қоятын бұйым емес. Ол азаматтың, адамгершілікті адамның өзімен әрқашан бірге болатын қасиеті. Қандай бір қызмет бабында жүргенде де адамның мінез-құлқының қалай өзгеретінін өмір тәжірибесінде талай көргенімді несіне жасырайын. Сондықтан билік иелерінің бойынан адамгершілік қасиеттерінің табылуы қоғам үшін, халық үшін, ұрпақ үшін айрықша мәні бар нәрсе екенін ұмытпағанымыз жөн. Міне, осыдан «Адамның кім екенін білгің келсе, қолына билік бер» деген бабалар сөзі ойыңа келеді. Расында да, ер жігіттің кім екенін билікпен, жоғары лауазымды қызметпен сынағанда ғана әлгінің нақты бағасына толық көзің жетеді. Қылышбек қандай да бір қызметте болмасын, қандай да бір таудай табыс биігіне көтерілсе де, «Болдым, толдым, билікке қолым жетті», – деп шіреніп, шырт түкіріп, аяғының астындағыны көре алмай қалған кезі жоқ. Қайта, адамдармен қарым-қатынаста баяғы қалпын сақтап, бұрынғы біз білетін мінез-құлқынан айнымағаны, өзінің мәрттігін сақтағаны, адамдарға деген өз дене бітіміне сәйкес үлкен жүрек жылуы үшін халқы, әріптестері, біздер қуанамыз, қадір тұтамыз, мақтанамыз.
Екеуміз бір-бірімізді білгелі 50 жылға жуық уақыт болыпты. Ең бастысы, ол ауылшаруашылығы өндірісінің өңірдегі болашағына барлау жасай алды. Өзіне сеніп тапсырған халық алдындағы жұмысының қай жағынан сыр беруі, ақсауы мүмкін? Соны алдын ала сезе білді, әйтсе де, еш уақытта өзім білемділікке ұрынып, жеке дара шешім қабылдауға асыққан емес. Ол өзгелердің, мамандардың, бригадирлердің ой-пікірлерін, ұсыныстарын қашан да қолдап отырды.
Әрі әріптес, әрі ақылшы дос, інім дәл осы Қылышбек секілді елге керек ер­лердің өмірден ерте кеткені өкінішті-ақ. Тағдырдың заманымызды бір қылып табыстырғанына қуанатын едім. Жақсы адамдар жасай берсін, жақсылық сонда жалғасады деуші едім.
Жеткен биігіңнен төмендемей, ел үмі­тін, халық сенімін ақтайтын, ізгі істер­мен ел есінде қалатын, көп алғысымен көгерген бақытты ел ағасы болғайсың замандас інім деуші едім. Дүр Оңғар ауы­лында зәулім мешіт салынды. Ауыл ор­та­лығында үлкен мәдениетке талпыну басталды. Ауыл көшелері тәртіпке кел­тірі­ліп, абаттандырылды. Ауылдағы көр­кейту, көгал­дан­дыру жұмыстары үлкен қарқынмен басталып ауыл жасыл-желекке бөленді. Ауыл мәдениеті жоғары сатыға көтерілді. Бір сөзбен айтқанда, ауыл үлкен серпілісті бастан кешті. Қылышбек Әбішевтің Дүр Оңғар ауылындағы жасаған еңбегі жоғары бағаланды. Басқаларын былай қойғанда «Құрмет белгісі», «Құрмет» ордендерімен марапатталды. Екі мәрте аудандық, екі мәрте облыстық мәслихат депутаты болып сайланды. Бұл сол кезеңнің өлшемімен алғанда ауылға көрсетілген үлкен құрмет, оның басшысы Қылышбекке беріл­ген жоғары баға еді. Дүр Оңғар ауылында істеген жылдары Қылышбектің қызметтік мансабындағы шын мәніндегі шырқау шыңы болды. Қайда істесін, қандай қызмет атқарсын, өз шаруасына аса жауапкершілікпен қарап, өз жұмысына мығым, ұйымдастырушылық қабілеті өте зор азамат ретінде мәңгілік есте қалды. Қылышбек өзінің әңгімелерінде ұстаздары ретінде Цай Ден Хак пен Елеу Көшербаев туралы жақсы пікірлерді көп айтушы еді. Ол кісілердің керемет ұстаздығын, басқаларды зейін қойып тындай білетін мәдениеттері мен сыпайылықтарын, бос сөзділік, құр­ғақ уәде дегеннен ада болғандарын көп айтып жүруші еді.
Біз білетін Қылышбек қазақтың үлкен азаматы. Кемел елдің келісті келешегі, осы елді мекендеп отырған халықтың ұлағатты болашағы дегенде, ішкен асын жерге қоятын атпал азаматтардың атын атап, түсін түсте десе мен Қылышбектің атын бірінші етіп атар едім. Асылы, «Бай­лық – мұрат емес, жоқтық – ұят ем­ес» дейтін қазақ мақалы байлықты мақсат-мұрат санамаған, оны тек басқаға жанашырлық көмек көрсету мүмкіндігі деп қарайтын жандар жөнінде айтылған ғой. Олай болса, бұл тек Қылышбекке арнап айтыл­ғандай. Ол өзі басқарған Дүр Оңғар ауылында да ізін басқан жаңа буын жас қызметкерлерді тәрбиелеуде де аянбай еңбек етті. Өмірінің соңына дейін әріптестерімен араласып, көпшіліктің ор­тасынан ойып тұрып орын алып, жүзі жарқырай алшаңдап басып көрініп жүрді. Сүйікті, жары Шәкен екеуі де ұл-қыз өсіріп, неме­релерінің шексіз қызығын бірге бө­ліс­­ті. Қылышбек ініміз ардақты азамат, адал жар, асыл әке ретінде туыстары мен достарының, барша әріптестерінің жүрегіне өзінің аяулы да асыл бейнесін өшпестей етіп жазып кетті.
Н.Салықов,
Қармақшы ауданының
құрметті азаматы.
---
27 қыркүйек 2018 ж. 984 1

JeaCold от 5 ақпан 2019 09:51
Cheap Drugs From Canada Trouver Levitra En Ligne viagra online Cialis A Buon Prezzo Ciprofloxacine 250 Mg Posologie Where Can I Get Zithromax Over The Counter Buy Hydrochlorothiazide Online cialis Propecia Online Bestellen Kamagra In Usa United States Otc Avodart generic viagra Active Ingredients In Amoxicillin Cialis Espn. tadalafil cialis from india Provera Want To Buy Need To Buy Indocin I Want To Buy Original Viagra viagra y fertilidad Goutichine Isotretinoin isotretin best website Thailand Pharmacy Online cheapest cialis Cialis Diario 5 Mg Precio Cialis Ebay I Want To Buy Original Viagra

PDF нұсқалар мұрағаты

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930